Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Бақылауды автоматтандыру және механикаландыру құралдары



бет97/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Бақылауды автоматтандыру және механикаландыру құралдары. Өлшемдерді бақылауды автоматтандыру мен механикаландырудың алғашқы деңгейдегі құралдарына жүктеу және босату операциялары қолмен жүргізілетін айлабұйымдар жатады. Автоматтандырылған құрылғылардың әрекеті әртүрлі өлшеу түрлендіргіштерін пайдалануға негізделген. Бірінші өлшеу түлендіргіші – бұл беруге, түлендіруге, өңдеуге және сақтауға ыңғайлы түрде сигналдарды алуға тағайындалған өлшеу құралы. Өлшеу түрлендіргіші құрама элемент ретінде жеке құрылғы болып табылатын датчик құрамына кіреді және датчикте түрлендіргіштен басқа өлшеу тілшесі, рычаг, беруші механизм, орнату элементтері бар. Сондай-ақ басқару аспаптарына арналған функционалдық түзілімдер, байланыс индикаторлары, электроконтакттік, пневмоэлектро-контакттік, пневматикалық, фотоэлектрлік, сараптаушы, механотроптық, индуктивтік, электрондық релелер, лазерлік түрлендіргіштер сияқты өлшеу түрлендіргіштері бар өлшеу құралдар кеңінен таралған.
Активті бақылау құрылғылары және өздігінен орнатылататын бақылау жүйелері
Бөлшектерді өңдеу активті өлшеу құрылғыларының көмегімен, бағдарлама бойынша басқарумен, сынамалық өтулер әдісімен жүргізіледі.
Әдетте, бұл бақылау құралдары компьютерлік бақылау жүйесімен жабдықталған станоктарда, яғни сандық басқару бағдарламасы (СББ) бар станоктарда қолданылады.
Сынама өтулер әдісінде металлкескіш станок дайындаманы өлшеу үшін екі технологиялық операцияның арасында тоқтайды. Бағдарлама бойынша басқару әдісі станоктың басқару жүйесіне өлшеу аспаптарынан алынатын ақпараттардың есебімен жабдықтың жұмыс үрдісі реттелетіп отыратын басқару бағдарламасы алдынала енгізілуге негізделген.
Активті бақылау құрылғылары жабдықты басқаруда үрдіспен кері байланысқа түсуге мүмкіндік береді, сызбаға сәйкес бұйымның геометриялық параметрлерін технологиялық үрдіс уақытында бақылаудыжәне параметрлердің сызбалармен сәйкес келген сәтінде автоматты түрде станокты өшіруді жүзеге асырады.
Активті бақылау құрылғыларын қолдану дайындаманы өлшеуге кететін көмекші уақытты қысқарту есебінен сапаны төмендетусіз өңдеудің өнімділігін, параметрлерді дәл және оперативті өлшеудің есебінен өңдеудің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Активті бақылау аспаптарын қолданудың негізгі саласы – бұл сериялық өндіріс.
Активті бақылау құрылғыларында үлкен берілістік қатынас және өлшеу қателіктері аз болуы тиіс, шаңға, ылғалдылыққа, тербелістерге сезімтал емес, сонымен қатар құны төмен, қолдануға ыңғайлы және қарапайым болу керек.
Активті бақылау құрылғыларын қолдану орнына қатысты станокта орнатылатын және станоктан тыс орнатылатын болып бөлінеді. Станоктағы құрылғылар кесу режимдерін басқарады және талап етілген өлшемге жеткен кезде тоқтатуға бұйрық береді. Станоктан тыс орнатылатын құрылғылар бөлшекті өңдеуден кейін өлшейді және станоктың орнатылуына бұйрық береді.
Өлшеу ақпараттарын беру әдісі бойынша, активті бақылау құрылғыларын көрсететін және командалық деп бөледі, көрсететін өлшемнің мәні операторға қатыссыз есептік құрылғының шкаласы бойынша анықталады, бұйрық белгіоператордың қатысуынсыз беріледі.
Жабдыққа әсер етуі бойынша активті бақылау құрылғыларын келесі түрлерге бөледі.
Автотолераторлар бақыланатын параметрлер орнатылған мәнге жеткен кезде үрдістің сипатын автоматты түрде өзгертеді.
Автоорнатқыштар автоматты түрде бұйымдардың геометриялық параметрлерін орнатылған мәндерге сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, өндірістік жүйені орнатады. Қорғағыш құрылғылар бұйымдардың жұмыс аумағына рұқсат етілетін мәндердің шегінен шығып кететін параметрлердің түсуін болдырмайды.
Автокедергілер бұйымдардың бақыланатын параметрлері бекітілген мәндерден шыққан кезде технологиялық үрдісті тоқтатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет