Көрсетілетін қызмет – орындаушы мен тұтынушының тікелей әрекеттері мен орындаушының тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыру жолындағы өз іс-әрекетінің нәтижесі.
Халыққа көрсетілетін қызмет өзінің функционалдық арналуына байланысты екі топқа бөлінеді:
– материалдық қызмет, бұйымның тұтынушылық қасиеттерінің орнына келуін (өзгеру, сақталу) қамтамасыз ететін немесе азаматтар тапсырысы бойынша жаңа бұйым жасау, сонымен қатар жүк пен жолаушы тасымалдау, сауда-саттық, банктік қызметтер. Мысалы, тұрмыстық қызмет, тұрғын үй-коммуналдық қызмет, қоғамдық тамақтану қызметі, тасымал құралдары қызметі және т.с.с.
– материалдық емес қызмет, денсаулықты түзету мен қалпында ұстауды, адамның ішкі дүниесі мен дене дамуын, кәсіптік шеберлікті көтеру жағын қамтамасыз ететін мәдени-әлеуметтік қызметтерге медициналық қызмет, мәдениет қызметі, білім беру, туризм және т.б.
Орындаушының қызмет көрсетуге қажетті іс-әрекетін қызмет көрсету процесі деп атаймыз.
Сертификаттау мақсатымен біртекті қызметтер тобы тізімі жасалынады, оларға:
тұрмыстық радиоэлектрондық жабдықтарды, тұрмыстық электр машиналары мен приборларын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету;