Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Балалардың мектепте оқуға функционалдық дайындығы



бет184/297
Дата14.11.2022
өлшемі5,72 Mb.
#158178
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   297
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz (копия)

6.4 Балалардың мектепте оқуға функционалдық дайындығы.
Мектепте оқу мектепке бірінші рет барған балалар ағзасына жоғары талаптар қояды. Үнемі жүргізілетін оқу үрдісіне барлық балалар бірдей функционалды дайын болмайды. Оқуға функционалдық дайын болуы («мектепте оқуға жетілуі») деп мектеп бағдарламасын табысты меңгеру үшін жеткілікті дене және жүйке - психикалық даму деңгейін айтады. Оқуға дайын еместігі немесе дайындығы жеткіліксіз болуы әр түрлі себептерден болуы мүмкін: денсаулығындағы ауытқулардан, сөйлеу, моторика, психика және т.б. дамуының артта қалуынан.
Мектепте оқуға дайындығын анықтау мектепте оқытудан 1 жыл бұрын (мектепке түсер алдындағы жылдың қазан–қараша айларында), содан кейін, қайтадан мектепке оқуға түсер алдында (мамыр–сәуір) жүргізіледі. Бала дәрігерінің, отоларингологтың, хирургтың, тіс дәрігерінің, көз дәрігерінің және психоневрологтың қатысуымен тереңдетілген медициналық тексеру жүргізіледі. Балалардың оқуға дайындығы медициналық және психофизиологиялық критерийлері бойынша бағаланады. Медициналық критерийлерге биологиялық даму деңгейі, баланың денсаулық жағдайы, ағзасының резистенттілігі (жедел аурулармен аурушаңдық мәліметтері бойынша) сияқты көрсеткіштер жатады. Психофизиологиялық критерий ретінде Керн–Ирасек тесті, дыбысты айту ауытқуларын анықтау, монометриялық тест, сонымен қатар, арнайы дайындалған анкета бойынша сауалнама алу жиі қолданылады. Психофизиологиялық критерийлер негізінде «мектепте оқуға қажетті» функциялардың даму дәрежесі (сөйлеу, бас миы қыртысының талдау және синтетикалық қызметі, қимыл қозғалысының дамуы) анықталады. Мысалы, Керн– Ирасек тесті 3 тапсырмадан тұрады, онда адам суретін салу, қағазға жазылған сөзді және нүктелер тобын көшіріп жазу ұсынылады. Монометриялық тестпен шекарадан шықпай шеңберді кесіп алу ұсынылады. Керн – Ирасек тестін орындау тапсырманың табысты орындалуына байланысты балл бойынша бағаланады. Бала неғұрлым көп балл алса, соғұрлым оның қажетті функциясының дамуы төмен болады.
Денсаулық жағдайында қандай да бір ауытқулар анықталу кезінде және мектепке қажетті функцияларының дамуы артта қалғанда, арнайы емдеу, сауықтыру және түзету шаралары жүргізіледі. Қайта медициналық тексеру кезінде баланың мектепте оқуға дайындығы туралы соңғы қорытынды береді.
Суб– және декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулары, айқын функционалды ауытқулары, дыбысты айту кемшіліктері бар, төлқұжаттық жасынан биологиялық жасы артта қалған, тәртібінде ауытқулары бар, мектепке қажетті дағдылары қалыптаспаған (Керн–Ирасек тесті - 10 және одан да артық балл, монометриялық тест - теріс), бала бақша бағдарламасын меңгере алмаған және оқуға деген көзқарасы қалыптаспаған балалар мектепте оқуға дайын емес деп саналады. Оқуға дайын емес балалардың мектепке баруын уақытша кейінге қалдыру ұсынылады, бұл кезеңді оларды келешекте оқуға максималды дайындау үшін пайдаланады. Гипербелсенді, назар аудару тапшылығы синдромы бар балаларды, олардың басқа параметрлері бойынша оқуға дайындығы жеткілікті болғанына қарамастан, оқыту өте қиын болып табылады. Ондай балаларды ата– анасына сауалнама жүргізу сонымен қатар оқудың бірінші 1-2 айларында балаларды бақылау арқылы анықтайды, содан кейін қажетті медициналық- алдын алу шаралары тағайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   297




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет