5.5.-сурет. Суландыру алаңдарының кесіндісі.
1- жол; 2- су әкелетін канал; 3- сұйықтықты картаға шығаруды реттейтін шиберлер; 4- суландырғыш-каналдар; 5- ашық дренаж каналдары; 6- қоршау белестері; 7- жүйектер арасындағы арықтар
Ағынды сулар осы арықтарға жіберіледі, олар топырақ арқылы сүзіліп, дренаж құбырлары немесе каналдар арқылы суаттарға ағызылады. Олар топырақ арқылы өткен кезде патогенді микроорганизмдер, гельминттердің жұмыртқалары топырақта қалып қояды, ал еріген органикалық заттар топырақтағы микрофлорның тіршілік үрдістерінің нәтижесінде минералданады. Қалдық сулардың құрамында көп мөлшерде қоректік субстрат болады, бұл топырақ микроорганизмдерінің қарқынды көбеюіне жағдай жасайды, соның нәтижесінде топырақ бөлшектері, сіңіретін қасиеті күшті және биохимиялық белсенділігі жоғары, белсенді биологиялық пленкамен түгелдей жабылады. Сүзу алаңдарының суландыру алаңдарынан айырмашылығы, оларға ағынды суды жаппай жаяды. Оларға, суландыру алаңдарына қарағанда, ағынды суларды едәуір көп мөлшерде жіберуге рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, ағынды суларды топырақ арқылы залалсыздандырудың тағы бір әдісі – ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге тиесілі егін егетін жерлерді суландыруға пайдалану болып табылады. Бұл алаңдарға түсетін жүктеме, коммуналдық суландыру алаңдарымен салыстырғанда, 5-15 есе аз болады. Оларда бақша немесе мал азықтық өсімдіктерді, егілген шөптерді өсіреді, суды жүйектер арасындағы арықтарға жибереді. Пайдалану ережелерін сақтамаған жағдайда, коммуналдық және егіншілік суландыру алаңдары адамдар мен жануарларға гелминттердің, әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жұқтыратын көздер болуы мүмкін.
Топырақтық әдістер, ағынды суларды тазартудың тиімділігі жоғары әдістері болып табылады, бірақ, ірі елді мекендерде олардың қолданылуы шектеулі, себебі, қазіргі тұрғындардың тығыздығы мен су тұтыну нормалары кезінде, суландыру алаңдарының ауданы өте үлкен болуы керек.
Биологиялық тоғандар – терең емес, су сүзілуі жүрмейтін немесе баяу жүретін топырақтағы жасанды түрде жасалған суаттар. Ағынды суларды тұндырғаннан кейін, тоғанға жіберу алдында 2-5 есе өзен суымен араластырып, баяу, 2-3 тәулік ішінде тоған арқылы өткізеді. Тазаруы аэробты немесе анаэробты жағдайларда жүруі мүмкін. Залалсыздандыру үрдістерін жеделдету және аэрацияны күшейту үшін биологиялық тоғандардың тереңдігін аз ғана (1 м дейін) етіп, жоғары сатыдағы су өсімдіктерін (қамыс, иіртамыр, қоға, т.б.) және балдырлар егеді, жасанды аэрация жасайды. Балдырлар фотосинтез нәтижесінде суды оттегімен байытады, ал жоғары сатыдағы су өсімдіктері, бұдан басқа, судан уытты және органикалық заттарды сіңіріп алып, оны энтеробактериялардан тазартады, антибиотиктік заттарды бөліп шығарады.
Биологиялық тазартудың жасанды әдістері әр түрлі типтегі биототықтырғыштарда жүргізіледі, оларда залалсыздандыру, топырақтағы немесе судағы табиғи жағдайлардағыға ұқсас болып өтеді.
Мұндай биототықтырғыштарға биофильтрлер, аэротенктер, циркуляциялық-тотықтырғыш каналдар және т.б. жатады. Биофильтрлерде залалсыздандыру топырақта жүретін минералдану үрдісін қайталау болып табылады. Биофильтрлер – түбінде табақшалардан жасалған дренажы бар, оған биіктігі екі метр етіп ірі түйіршікті материалдар – шлак, ұсақ тастар толтыра салынған, кірпіштен немесе темір-бетоннан жасалған резервуарлар болып табылады (5.6.-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |