5.7.- сурет. Алматы қаласының аэрация станциясындағы ластанған суларды тазарту сызбасы ультракүлгін сәулелерін қолдану, электримпульстік өңдеу неғұрлым ұтымды болып отыр. Ағынды суларды гидрокавитациялық зарарсыздандыру ұсынылды, және оның қазірдің өзінде-ақ келешегі бар екені дәлелдеді.
Тұрмыстық ағынды суларды тазартудың дәстүрлі әдістері әрқашанда тиімді бола бермейді, өйткені тіпті заласыздандырылған судың өзінде биологиялық ыдырауға ұшырамайтын биогенді элементтердің – фосфор, калий, азот, сондай-ақ синтетикалық органикалық заттардың көп мөлшері болады. Тазарту үрдісінде органикалық қосылыстардың тек 90%, органикалық және минералдық азоттың 50%, фосфордың 20-дан 40% дейіні және суда еритін қосылыстардың (нитраттар, фосфаттар, көптеген пестицидтердің) 5% ғана бөліп шығарылады. Сондықтан да, қалалардың ағынды суларын тазарту үшін, әдетте, қосымша тазарту немесе үшінші рет тазарту қажет болады. Үшінші рет тазарту үшін әр түрлі табиғи және жасанды әдістер (коагуляция, белсенді етілген көмірді және басқа да сорбенттерді, тотықтырғыштарды және т.б. қолдану арқылы сорбциялық тазарту) қолданылады. Өнеркәсіптік ағынды суларды залалсыздандыру ерекшеліктері. Әр түрлі өнеркәсіптік ағынды сулардың құрамы мен қасиеттерінің шектен тыс ерекшеліктерін, улылығы мен қауіптілігі өте әртүрлә болуына байланысты, әрбір кәсіпорындың өзіне ағынды суларды канализациямен шығаруды ұйымдастыруы мен өңдеудің жобалары дайындалады. Өнеркәсіптік ағынды суларды тазартудың физикалық, механикалық, химиялық және биологиялық әдістерінің негізінде, тұрмыстық қалдық суларды тазарту кезінде қолданылатын үрдістер жатыр, бірақ, олардың өндірістің сипатына байланысты, өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, су тұндырғыштарда сүға араласқан бөлшектерді тұндырып қана қоймай, сонымен қатар жеңіл фракцияларды (қатты және сұйық майлар, мұнай өнімдері және т.б.) кетіру де жүргізіледі.
Химиялық және физикалық-химиялық әдістердің көмегімен, уытты қосылыстарды уытты еместерге, суда еритін қосылыстарды ерімейтін қосылыстарға айналдыра отырып, түзілген заттарды тұнбаға түсіреді және өндірісте қайтадан пайдалануға болатын өнімдерді олардан бөліп алады.
Биологиялық тазарту үшін ағынды суларды алдын ала дайындайды (сұйылту немесе шаруашылық-фекльды сулармен араластыру, тазарту жағдайлары мен параметрлерін белгілеу), өйткені, өнеркәсіптік ағынды сулардың рН деңгейі қолайсыз болып, олардың құрамында оттекті сіңіріп алатын және микроорганизмдердің тіршілігіне теріс әсер ететін өте көп органикалық қосылыстар болуы мүмкін. Қосымша шаралардың ішінде өнеркәсіп орнының цехтары мен әр түрлі технологиялық учаскелерінің ағынды суларын жеке-жеке каналдармен ағызужәне оларды біріктіріп ағызғанға дейін жергілікті тазарту қолданылады. Бұндай шара түрлі ластаушы заттармен ластанған өнеркәсіптік суларды тазартуды жеңілдетіп, суға тазартылмаған немесе қатты ластанған сулардың түсуіне жол бермейді.
Өте сирек, ерекше жағдайларда қолданылатын шара өнеркәсіптік қалдық суларды топырақтың терең геологиялық қабаттарына айдау болып табылады. Топырақтың терең қабаттарына, минералдану дәрежесі жоғары, улылығы жоғары емес, ағынды суларды жіберуге рұқсат етіледі. Өнеркәсіптік қалдық суларды залалсыздандыруға бағытталған іс-шаралардың комплексін жүзеге асыру, оларды су көздері суының сапасы мен гидробионттар тіршілігін нашарлатпай, су көздеріне ағызуға мүмкіндік береді.