Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет92/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

ХV-ХVІІ ғасырлардағы халық ауыз әдебиетінде түрлі жанр: мақал-мәтелдер, жұмбақтар, қанатты сөздер, ақындар айтысы, шешендік өнер кең таралды. Шешендік өнер - ауыз әдебиетінің өнегелі ой-тұжырымға толы, тапқырлық танытатын жанры.


§ 56. XV-XVII ғасырлардағы қазақтың тұрмысы мен дәстүрлері


Дін. ХV-ХVІІ ғасырларда қазақтар исламмен қатар, тәңіршілдікке негізделген ежелгі дәстүрлерін де ұстанды. Қазақтар ата-баба рухын құрмет тұтып, аруақтарды сыйлады.



Әр қазақ үшін өз шежіресін білу маңызды болды.

Қазақтарда отпен аластайтын ежелгі дәстүр сақталды. Бұл дәстүр қыстаудан жайлауға көшіп-қонған кезде орындалды. Жайлауға баратын көш жолының басында үлкен екі алау жағып, олардың арасынан малды өткізген.


Күнтізбе. Ұшы-қиыры жоқ шексіз далада үнемі қозғалыста жүру көшпелілерді кеңістікті жақсы бағдарлай біліп, жұлдыздар бойынша жол табуға, жайылымдар мен құдықтардың орналасқан жерін дәл анықтауға үйретті.
Халық арасында жыл санау есебімен айналысатын есепшілер болды. Олар жыл сайын бақылау жүргізіп, ауа райы болжамын жасады, маусымдық көші-қон уақытын анықтады.
Есепшілер жылды 12 айға бөлді. Халық өмірінде күнтізбе үлкен рөл атқарды. Қазақ күнтізбесі мүшел аталған 12 жылдан тұрды. Жыл басы көктемгі күн теңесуімен сәйкестендіріліп, Наурыз мейрамынан (22 наурыз) басталды. Бұл күн кең ауқымда мерекеленді, бір-біріне қонаққа барып, жарыстар ұйымдастырды, азық-түлік молшылығының белгісі наурызкөже дайындалды.
Қазақ халқының негізгі баспанасы - киіз үй. Ол ағаш пен киізден жасалып, шаңырақ, уық, керегеден тұрады. Киіз үй көлемі кереге қанаттарының санына байланысты болды. Алты, сегіз, он, тіпті отыз қанатты киіз үйлер болған.



Киіз үйлер бірнеше түрге бөлінді: салтанатты киіз үйлер, қарапайым баспана түріндегі киіз үйлер, шаруашылық мақсатта пайдаланылған киіз үйлер және жорық киіз үйлері.

Киіз үйдің ортасында ошақ, кіреберіске қарсы құрметті орын төр орналасты. Киіз үй жиһазы ағаш пен тері, киізден жасалған бұйымдардан тұрды.


Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарында ағаш, тас, кірпіштен тұрақты баспана салынды.
Киім. Қазақтың ұлттық киімінде этникалық, экономикалық және ауа райы жағдайына байланысты дәстүрлер көрініс тапты. Киімді шұғадан, жүн және жібек маталарынан, киізден, аң терісінен тікті. Теріден тон тігіліп, жібек, шұға, паршамен тысталды. Ер адам мен әйелдің негізгі сыртқы киімі шапан мен қамзол жүн және жібек матадан тігілді.
Ерлер пен әйелдердің баскиімдері әралуандылығымен ерекшеленді. Көктем мен күзде қазақтар көбінесе аң терісімен жиектелген дөңгелек бөрік киді. Қыз бөрігі салпыншақ және үкі қауырсындарымен безендірілді. Қысқы баскиім тымақ деп аталды. Әйел баскиімдерінің ішінде ең құнды той киімі сәукеле болды. Сәбиі дүниеге келісімен жас келіншек ақ матадан тігілген кимешек киді.
Ер адамның етігі салт атпен жүруге қолайлы болу үшін қонышы тізеден жоғары, ыңғайлы етіліп тігілді. Әйел аяқкиімі әдемі ою-өрнегімен ерекшеленді.
Тамақ әр халықта материалдық мәдениеттің айқын көрінісі болып табылады. Қазақтың тамағы, негізінен ет және сүт өнімдерінен тұрды. Бие сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат дайындалды. Сиыр, ешкі және қой сүті, айран, май, ірімшік түрлерін дайындауға жұмсалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет