Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет97/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

Әскери жер иелену - жер иелену түрі. Қожайынынан оның пайдасына әскери қызметте болу жағдайында жер алған адам (орта ғасырларда Қазақстандағы мұндай жер иелену түрлері: иқта және сойырғал).
Әулет - белгілі бір әулеттен шыққан ұрпақтардың мұрагерлікпен билік ету реті (мысалы, Жошы ұрпақтары, Шайбани ұрпақтары).
Бай - дәстүрлі қазақ қоғамындағы дәулетті әлеуметтік топ. Мыңғырған мал иесі.
Басқақ - монғол хандарының жаулап алынған елдердегі сенімді өкілі, салық жинаумен де айналысқан.
Бек - ежелгі түріктердегі ақсүйек қауымының лауазымы.
Беклербек - Алтын Ордадағы жоғары лауазым иесі, ханнан кейінгі екінші адам, әскер қолбасшысы және мемлекеттің сыртқы саясатын басқарушы.
Би - дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық билік иесі, сот міндетін атқарып, руды да басқарған.
Бұдун - халық (түрікше); қараңыз: қара бұдун.
Бұйрық - Батыс Түрік қағанатында сот қызметін атқарған лауазым иесі.
Вақф - мұсылман дінбасыларының жері, олар бұл жерді салық жинау құқығымен бірге алды, ал түскен кірісті мешітке, мектепке, медресеге жұмсаулары тиіс болды.
Вассал - қожайынына тәуелді және оның пайдасына түрлі міндеткерліктерді (салық төлеу, әскери қызмет және т.б.) орындауға борышты кез келген адам.
Генеалогия - (грекше ген - тек және логос - білім) - 1) тектердің тарихымен, жеке адамдардың шығу тарихымен, туыстық байланыстарды анықтаумен айналысатын ғылым; 2) шежіре - жеке адамның немесе тұтас бір рудың шығу тегі мен туыстық байланыстарының тізбесі (мысалы, Шыңғысхан ұрпақтарының шежіресі).
Гурхан («хандардың ханы») - қарақытайлардың жоғары билеушісінің лауазымы.
Декор - ғимараттарды немесе бұйымдарды әшекейлеу жүйесі.
Динар - орта ғасырлардағы алтын монета.
Дирхем - орта ғасырларда бастапқыда күміс монета, одан кейін күміс пен мыстың қоспасынан соғылды; дирхем - VІ-ХІІ ғасырларда саудадағы негізгі монета.
Диуан - Алтын Ордада және кейбір басқа мемлекеттерде мемлекеттің қаржысын, салығын, ішкі саясатын жүргізген атқарушы биліктің жоғарғы органы, диуанның басында уәзір тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет