166
12-есеп. Бұршақ күші
Нұр-Сұлтан қаласында бұршақ-
тың күшін өлшеу мен бақылау
үшін, Stat-Burshaq есептегіш
құралы орнатылды. Егер есептегіш
А-дан төмен бұршақ күшін тір-
кесе, онда оның экранында «Bur-
shaq joq» хабарламасы пайда
болады. Егер есептегіш бұршақ
күшін А-дан көп, бірақ В-дан
төмен тіркесе, онда «Burshaq» хабарламасы пайда болады.
Ал бұршақ күші В-дан үлкен болса, онда ешқандай хабарлама
шықпайды. А мен В (А < В) сандары және қалаға жауған бұршақ-
тың күшін сипаттайтын К шамасына қарап, есептегіш экра-
нында пайда болатын хабарламаны анықта. Программа
жұмысын тексеру үшін 5 үлгі тест дайында. Есептің программа
кодын жаз.
Мысалы
Нәтиже
10 20 15
Burshaq
10 20 5
Burshaq joq
10 20 30
11-есеп. Сәтті билет
Қоғамдық көлікте қолданылатын билетті алтытаңбалы сан-
мен нөмірлейді. Алтытаңбалы нөмірі бар билеттің алғашқы үш
цифрының қосындысы соңғы үш цифрының қосындысына тең
болса, «бақытты билет» деп айтып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: