3
Құрметті оқушы!
«Информатика» –
ақпаратты іздестіру, тасымалдау, сақтау,
өңдеу
және әртүрлі салада қолдану тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Оқу жылында компьютер құрылғыларымен, компьютерлік
желілермен танысасың. Сонымен қатар ақпаратты ұсыну мен өлшеуді,
электрондық кестелермен жұмыс істеуді, Python тілінде тармақталу
алгоритмдерін программалауды үйренесің. Игерген жаңа біліміңді
тәжірибеден өткізе отырып, түрлі сұрақтарға жауап тауып,
бірлесіп
ортақ тұжырым жасайсың.
Сен оқулықтың көмегімен талдау деңгейінде материалды терең
түсінуді, жинақтау
деңгейінде тұжырым жасауды, өз идеяларыңды
ұсынуды, жобалар жасауды үйренесің.
Бағалау деңгейінде
оқылған материалды және оны күнделікті өмірде қолдануды бағалап
үйренесің.
Материалды игеру оңай болуы үшін
әр тақырып қарапайымнан
күрделіге қарай берілген. Оқулықтағы практикалық тапсырмалар өз
бетіңше орындауға ыңғайлы.
Сонымен қатар оқулықпен жұмыс жасай отырып:
• үйренген теориялық материалдар мен практикалық тапсырма-
лар
негізінде талдау, жинақтау және бағалау арқылы топта,
жұпта жобалар орындайсың;
• ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін сындарлы
бағалайсың;
• ақпараттық технологияларды адам қызметінің әртүрлі сала-
ларында қолдану мәселелерін түсініп, анықтауды үйренесің;
• күнделікті өмірде, оқуда, болашақта таңдаған мамандығың
туралы ізденіс жасағанда ақпараттық технологияларды
тиімді пайдалану жолдарын меңгересің;
• әртүрлі салаларда
туындайтын мәселелерді талдау, модельдеу
арқылы программалауды үйренесің;
• ғылыми-техникалық тілді меңгере отырып, модельдеу дағды-
ларыңды дамытасың.
«Информатика» пәнінен алған біліміңді болашақта өзің қалаған
мамандықта (ғылымда, бизнесте, IT мамандығында, дизайнерлік са-
лада,
ұстаздық етуде, сәулет өнері мен қолөнерде т.б.) қолдана аласың.
Саған жан-жақты білім алу үшін ынта мен ықылас,
зейін мен
табандылық қажет екенін есіңнен шығарма!
Оқуда сәттілік тілейміз!
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217