Сыртқы жад Қатқыл диск (ағыл. HDD –
hard disk drivе ) –
сыйымдылығы үлкен ақпарат жинақтаушы құрыл
ғы.
Ол «компьютердің негізгі есте сақтау құ рылғысы»
немесе «ақпараттық қойма» деп те аталады.
Бұл – магнитпен қапталған, біртұтас қабаттас-
қан бірнеше металдан немесе шыны дискілерден
тұратын, көлемді ақпарат мөлшерін сақтай алатын
дерек жинақтаушы.
Кэш (ағыл.
cach[е] – қойма) – процессор
жиі қолданылатын деректерді уақытша
сақтау үшін қолданылатын шағын көлемді
есте сақтауға арналған жад. Кэш – процес-
сор мен одан жылдамдығы төмен жедел
жад арасындағы өңдеу жылдамдығының
айырмашылығын реттеу үшін қолданылатын жад. Қазiргi кезде
микропроцессорлардың iшiне кэш-жад орнатылады. Олар өлшемі
бойынша үш деңгейге бөлінеді. Бiрiншiсі 128 Кб көлемде, екіншісі
1 Мб-қа дейін және одан жоғары. Үшінші деңгей 8 Мб көлемінде
болады.
ROM (ағыл.
read only memory ) – тек
оқуға арналған жад. ROM – тұрақты
жад құрылғысы
(ТЖҚ) деп те аталады
. ТЖҚ-да дисплей, пернетақта, принтер,
сыртқы жадты басқару, компьютердi
қосу, құрылғыларды тестiлеу (тексеру)
программалары жазылады. Процессор
жұмысын басқару программасы зауытта орнатылады. Тұрақты
жадтың маңызды микросхемасы –
BIOS модулi.
BIOS (Basic
Input Output System) – енгізу-шығарудың базалық жүйесі.
BIOS – компьютер құрылғыларының арасындағы өзара әре-
кетті ұйымдастырушы енгізу-шығару программаларының
жиынтығы.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217