Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет18/115
Дата30.03.2023
өлшемі8,16 Mb.
#173366
түріКнига
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   115
Компьютерлік желі
– коммуникациялық құрылғыларды (дискі-
лер, файл, принтер) тиімді пайдалану мақсатында бірыңғай дерек-
терді алмасу арнасына біріктіретін компьютерлік желілер тобы. 
Аумақтық таралуына қарай бөлінуі
Жергілікті желі 
шектеулі аймақта (бір бөлмеде, 
мекемеде, зауытта т.с.с.) орналасқан компьютерлерді 
біріктіреді. Жергілікті желі құрудың негізгі мақсаты – 
өндірістік процестерді автоматтандыру, қажетті құ-
жаттарды жедел өңдеу мен ақпарат алмасуды жыл-
дамдату. Жергілікті желіге қосылған әрбір компью-
тер кабельдер арқылы желілік бейімдеуіш (адаптер) 
көмегімен байланысқа түседі.
1-кесте. 
Аумақтық таралуына қарай бөлінетін желілер 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


25
Корпоративтік немесе аймақтық желі 
– бір 
қала немесе аймақ көлемінде компьютерлердің 
бір жүйеге бірігуінен пайда болатын желі. Кор-
поративтік желі ірі компаниялар мен банктер 
сияқты құрылымдардың пайдалануы үшін өте 
ыңғайлы. Белгілі бір ұйым немесе мекеме де өзара 
электрондық құжат алмасулар үшін аймақтық 
желіні қолданады. Аталған желі арқылы олар 
өзара байланысқа түседі.
Дүниежүзілік желі 
– дүниежүзі бойынша 
компьютерлерді ортақ бір арнаға біріктіру арқылы 
байланыс жасау желісі. Қазіргі кезде мұндай желі-
нің қызметін интернет атқарады. Интернет желісі 
арқылы бір уақытта, бір мезетте миллиондаған 
пайдаланушы байланыса алады. Желідегі ком-
пьютерлер жұмысын арнайы программа басқара-
ды. Олар бір-бірімен ақпарат алмасу кезінде 
бәріне ортақ ережемен байланыс жасауы керек. 
Осы ортақ ережені «желілік хаттама» деп атайды.
2-кесте. 
Мекемелерге тиістілігіне қарай бөлінетін желілер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет