99
Тапсырманы орындаудың алгоритмі:
• кестені, ұяшықтарды форматтау;
• у=x
2
формуласын ұяшыққа орналастырып, есептеу жүргізу;
• функцияның графигін салу.
13-тапсырма. Волонтерлер
(Еріктілер)
Самат пен оның достары волонтерлер қозғалысын жақсы көреді.
Балалар мәтінді компьютерде теруге шебер. Самат пен оның 9 досы-
ның мәтін теру жылдамдығы минутына 180 таңбаны құрайды. Жаз-
ғы демалыста олар Алматы қаласындағы С.
Бегалин атындағы
Орталық қалалық балалар кітапханасына
кітаптар мен журналдар-
дың электрондық нұсқаларын жасауға көмектесуге бел буды.
Кітапхана қызметкерлері балаларға қазақстандық «Айгөлек»,
«Балбұлақ», «Балапан», «Балдырған» т. б. журналдардың 1200 дана-
сын компьютерде теруге берді. Әр журналдың көлемі 40 бет-
тен, әр парағы 4000 таңбадан тұрады.
Сондай-ақ балаларға қазақ
жазушыларының әрқайсысы 340 беттен тұратын 50
дана кітабын
теруге берді. Кітаптың әр бетінде 3000 таңба бар.
Егер балалар
аптасына 4 күн 4
сағаттан жұмыс істей алса,
онда олар бұл жұмыс-
ты неше күнде аяқтайды?
Достарыңызбен бөлісу: