115
114
Python тіліндегі алгоритмдерді программалау
ІV бөлім
Қалай ойлайсың, программа құру және жазу процесін жеңілдетуге
бола ма?
Сызықтық алгоритмдерге мысалдар келтір.
Қалай ойлайсың, сызықтық алгоритмдердің көмегімен есептерді
программалауға бола ма? Себебін түсіндір.
Күнделікті тұрмыста орындайтын іс-әрекетімізге кедергі келтіретін
шарттарға мысалдар келтір. Мысалы:
«
Егер таңертең күн жаңбырлы
болмаса, таңғы жаттығуды аулада орындаймын
»
.
Тармақталған алгоритмдерді программалау
Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді қалай
құрастыруға болады?
4.4
4.3
Сызықтық алгоритмнің тармақталған және қайталанған әрекет-
тері жоқ, әрекеттердің тізбектеліп орындалатын алгоритм екендігін
6-сыныпта білдік. Күнделікті тұрмыста орындайтын іс-әрекетіміз
әрқашан сызықтық болып ретімен орындала бермейтіні анық. Көп
жағдайда түрлі іс-әрекеттерді орындау барысында туындайтын ке-
дергілер бойынша шешім қабылдай білуіміз керек. Мысалы, баланың
мектепке баруын сызықтық алгоритм ретінде қарастырайық. Бала
таңертең тұрады, мектепке барады, сабақ оқиды, үйге қайтады. Ал
осы алгоритмді орындауда таңертең бала ауырып қалса, кейінгі әрекет
қандай болады? Бұл кезде екі жағдай туындайды. Баланың денсау-
лығы мүмкіндік берсе, ол мектепке барады, әйтпесе бармайды. Міне,
осы әрекет барысында сызықтық іс-әрекетіміз туындаған жағдайға
байланысты екіге ажырайды, яғни тармақталады. Мұндай алгоритм-
дер
тармақталған алгоритмдер
деп аталады.
Тармақталған алгоритмде «егер», «онда», «әйтпесе» түйінді сөз-
дері қолданылады. Тармақталған алгоритмде міндетті түрде шарт
қолданылады.
логикалық өрнек – логическое выражение – boolean expression
шартты тексеру – проверка условия – condition check
Достарыңызбен бөлісу: