Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет98/115
Дата30.03.2023
өлшемі8,16 Mb.
#173366
түріКнига
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   115
программаны тестілеу
деп аталады.
Егер программа таңдап алынған тестілік деректер жүйесінен 
өткенде барлық жағдайда дұрыс нәтиже берілсе, онда программаны 
шартты түрде дұрыс программа деп есептеуге болады.
Тестілеу тәсілін жүзеге асыру үшін, олардың үлгі (эталон) нәти-
желері даярлануы тиіс. Программаны тексеруге арналған үлгі 
нәтижелер компьютерде программаны орындау, нәтиже алу кезінде 
дайындалмауы керек. Керісінше, программа жұмысын тексерудің 
алдында дайындап қою керек.
Тестілеу процесінің кезеңдері
Программаны тестілеу процесін үш кезеңге бөлуге болады.
1. 
Қалыпты жағдайларға тексеру.
Программалардың жұмыс іс-
теуінің нақты жағдайына тән алғашқы деректер негізінде тестілеу 
болжанады.
2. 
Экстремалды (шегаралық) жағдайларға тексеру.
Бұл тестілеу 
деректері шегаралық мәндерден құралады. Мысалы, программаны 
тестілеуге қолданатын деректер [0;1000000] арасындағы мәндердің 
бірі болсын. Онда программа жұмысын тексеруге экстремалды 
дерек ретінде өте кіші 0, 1 және өте үлкен дерек ретінде 999999, 
1000000 мәндері қолданылады. Барлық программа қандай да бір 
шектеулі алғашқы деректер жиынын өңдеуге есептеліп жасақ-
талатындығы белгілі. 
3. 
Ерекше жағдайларға тексеру.
Қандай да бір кеткен қателіктің 
себептерінен дәл сол мәндерді өңдеуге тура келген жағдайды тексе-
ру ерекше жағдайларға жатады. Программа өзі дұрыс өңдей алмай-
тын кез келген деректерді теріске шығаруы тиіс. Программаның 
тестілеуден толық өтпеуі программа құруда кеткен қателіктерден 
туындайды. Программаны тестілеумен бір мысалдың негізінде 
практикалық тұрғыдан танысайық. 
программаны тестілеу – тестирование программы – testing 
programs
үлгі нәтижелері – образцовые результаты – sample results
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет