34
1-сурет.
Касперский антивирустық программасының терезесі
Компьютерлік вирустар алғаш рет 1987 жылы таратылды. «Brain» аты-
мен белгілі болған вирусты пәкістандық компьютер
сатушы Амаджат пен
Базит есімді ағайындылар жасаған. Олар өздерінің жасаған компьютер
программаларын ұрлаған жергілікті «қарақшыларды» жазалау үшін,
вирустық программа ойлап тапқан. Бұл вирустық программа қысқа
мерзімде бүкіл әлемге тараған.
Компьютер сыныбында орнатылған компьютерлердегі антивирустық
программаның жұмысымен танысыңдар. Антивирустық программа тере-
зесінің негізгі элементтерінің қызметін анықтаңдар.
Мысал ретінде, ТМД елдерінде
кең тараған Касперский зерт-
ханасының антивирустық программасы терезесімен танысайық.
Барлық антивирустық программа терезелерінің құрылымы ұқсас
келеді
(1-сурет).
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
35
«Биологиялық вирустар мен компьютерлік вирустардың ұқсастықтары
мен айырмашылықтары» тақырыбына кіші жоба жұмысын орындаң-
дар.
Болашақта компьютерлік вирустардың даму қаупі мен келтіретін зияны
туралы болжам жаса.
1. Компьютердің вируспен зақымдалғанының негізгі белгілері қандай?
2. Компьютер программасына вирус кіріп, жұмыс істеу қабілетін
бұзғанда, оның жұмысын қайта қалпына келтіруге бола ма?
3. Компьютерде вирус қайдан пайда болады?
4. Компьютерлік вирустар әсер ету дәрежесіне байланысты қалай
жіктеледі?
5. Компьютерлік вирустан қалай қорғануға болады?
1. Өзің пайдаланатын компьютерге немесе ұялы телефонға қандай
антивирустық программа орнатылғанын анықта.
2. Антивирустық программалардың басқа программалардан айырмашы-
лығын анықта.
3. Интернеттен компьютерлік вирус
пен телефондағы вирустардың
ұқсастықтары мен айырмашылығы туралы ақпарат жина. Тапсырма-
лар негізінде жасалған тұжырымдарды дәптерге жаз.
Достарыңызбен бөлісу: