Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет25/115
Дата30.03.2023
өлшемі8,16 Mb.
#173366
түріКнига
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   115
33
Детектор программалар
бұрыннан белгілі 
вирус түрлерінен қорғай алады, алайда 
жаңа вирустарға қарсы дәрменсіз. 
Бұл типтегі алғашқы программалар 
вирустың құрамында болуы мүмкін бар-
лық орындалатын кодтарды анықтады. 
Кейіннен программаның жетілген түрле-
рі вирус жұқтырған файлдарды анықтай 
алатын болды. 
Доктор программалар 
немесе 
«фагтар» 
вирус жұққан программалар мен дискі-
лерді «вирустарын» өшіру арқылы емдеп, 
оларды бастапқы қалпына келтіреді. 
Фагтар вирусты жедел жадтан іздеп та-
уып, оларды жояды, содан кейін ғана 
файлдарды «емдеуге» кіріседі. Фагтардың 
арасынан полифагтарды ерекше атап өту-
ге болады. Полифагтар үлкен мөлшердегі 
вирустарды іздеуге және жоюға арналған.
Вирустан сақтану үшін қолданылатын программа түрлері
Сүзгі программалар
компьютердің жедел 
жадында тұрақты (резидентті) орналасады. 
Вирустардың зиянды әрекетін тоқтатып, 
компьютер пайдаланушысына дер кезінде 
хабарлап отырады. Хабарламадан кейін 
вирусты жою немесе оны тазалау жайлы 
шешім қабылдау керек.
Ревизор программаларда 
алдымен про-
граммалар мен дискінің жүйелік аймағы 
туралы мәліметтерді есіне сақтап, со-
дан соң оны кейінгісімен салыстыра-
ды. Сәйкессіздікті анықтаса, сол мезетте 
пайдаланушыға хабарлайды.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


34
1-сурет. 
Касперский антивирустық программасының терезесі
Компьютерлік вирустар алғаш рет 1987 жылы таратылды. «Brain» аты-
мен белгілі болған вирусты пәкістандық компьютер сатушы Амаджат пен 
Базит есімді ағайындылар жасаған. Олар өздерінің жасаған компьютер 
программаларын ұрлаған жергілікті «қарақшыларды» жазалау үшін, 
вирустық программа ойлап тапқан. Бұл вирустық программа қысқа 
мерзімде бүкіл әлемге тараған.
Компьютер сыныбында орнатылған компьютерлердегі антивирустық 
программаның жұмысымен танысыңдар. Антивирустық программа тере-
зесінің негізгі элементтерінің қызметін анықтаңдар. 
Мысал ретінде, ТМД елдерінде кең тараған Касперский зерт-
ханасының антивирустық программасы терезесімен танысайық. 
Барлық антивирустық программа терезелерінің құрылымы ұқсас 
келеді 
(1-сурет).
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


35
«Биологиялық вирустар мен компьютерлік вирустардың ұқсастықтары 
мен айырмашылықтары» тақырыбына кіші жоба жұмысын орындаң-
дар.
Болашақта компьютерлік вирустардың даму қаупі мен келтіретін зияны 
туралы болжам жаса.
1. Компьютердің вируспен зақымдалғанының негізгі белгілері қандай?
2. Компьютер программасына вирус кіріп, жұмыс істеу қабілетін 
бұзғанда, оның жұмысын қайта қалпына келтіруге бола ма? 
3. Компьютерде вирус қайдан пайда болады? 
4. Компьютерлік вирустар әсер ету дәрежесіне байланысты қалай 
жіктеледі?
5. Компьютерлік вирустан қалай қорғануға болады? 
1. Өзің пайдаланатын компьютерге немесе ұялы телефонға қандай 
антивирустық программа орнатылғанын анықта.
2. Антивирустық программалардың басқа программалардан айырмашы-
лығын анықта.
3. Интернеттен компьютерлік вирус пен телефондағы вирустардың 
ұқсастықтары мен айырмашылығы туралы ақпарат жина. Тапсырма-
лар негізінде жасалған тұжырымдарды дәптерге жаз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет