32 «Құрттар» жүйелік программалаушы-
лардың ақпараттық есептеу желілерінің бос
тұрған ресурстарын анықтау программасына
кіріп, бос құрылғыларды тектен-тек жұмыс
істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз
циклге енгізіп, бекерден-бекер жұмыс істетіп
қояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға
шығартады.
«Троян аттары» қарапайым қолданбалы
программаларға еніп, рұқсат етілмеген әрекет-
терді орындатады. Мысалы, жасырын ақпа-
раттарды жария етеді, жедел жадтағы ақпа-
раттарды «басқа жаққа» жібереді. Жасалу
құрылымы мен көбею жолы оңай болғандық-
тан, көбіне компьютер желілерін толық жай-
лап алады. Вирустың «Троян аттары» деп ата-
луы ежелгі грек аңызымен тікелей байланыс-
ты. Грек әскерлері Трояға сыйға тартылған
үлкен ағаш аттың көмегімен қалаға жасырын
кіріп, оны басып алған деседі.
Компьютерді вирустан қорғаудың негізгі тәсілдері Компьютерлік вирустар компьютерге флеш-жад, дискілер не-
месе желі арқылы кіреді.
Егер компьютер жергілікті желіге қосылса, онда вирус жылдам
таралады.
антивирустық қауіпсіздік – антивирусная безопасность – antivirus security вирустардың жіктелуі – классификация вирусов – virus classifi cation Компьютерді вирустан қорғау үшін: • ақпаратты қорғаудың жалпы шараларын орындау керек;
• дискіні зақымданудан сақтау керек;
• дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбау керек;
• программалармен жұмыс істеу кезінде техникалық
қателіктерді жібермеуге ты рысу керек;
• ақпаратты көшіргенде антивирустық программамен тексеру
керек;
• вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану керек.
Компьютерлік вирустармен күресетін антивирустық программа-
лардың негізгі түрлерімен танысайық.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217