38
жұмыс істеуге мүмкіндік береді. GUI пайдаланушыға дисплейде
графикалық сурет түрінде көрсетілген элементтердің (мәзір, пикто-
граммалар, тізімдер т.б.) алуан түрлілігін қамтамасыз етеді.
Өткен ғасырдың 60-жылдарында Даг Энгельбартом Стэнфорд
зертханасында GUI (пайдаланушының графикалық интерфейсі –
ПГИ) интерфейсін ойлап тапты. 70-жылдары ғалымдардың шеші-
мімен XEROX PARK зертханасында да ПГИ концепциясы қабыл-
данды. 1973 жылы XEROX PARK зертханасында бірқатар жас
ғалымдар зерттеу жұмыстарына жұмылдырылды. Бұл жұмыстың
нәтижесінде WIMP (Windows, Icons, Menus, Point-Click) графикалық
интерфейс концепциясы жарық көрді.
Интерфейстің нақ осындай түрі 1984 жылы Macintosh фирмасы-
ның компьютерлерімен бірге қолданылды. Кейіннен бұл әдіс дербес
компьютерлерге арналған Windows-қа көшірілді. Cодан бері Windows
үздіксіз сұранысқа ие.
Заманауи операциялық жүйелерді (ОЖ) дайындаушылар әдет-
те екі тәсілді де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді. Олардың
артықшылықтарын салыстырайық.
Командалық жолдың интерфейсіне қарағанда пайдаланушы-
ның графикалық интерфейсі (GUI) экрандағы барлық объектіге
кіруге мүмкіндік береді. GUI-де командалар метафора (грек тілінде
metaphora
– ауыстыру) негізінде қолданылған пиктограммалық
объектілер түрінде орналасады. Бұл объектілер осы команданы
қолданудың ерекшеліктерін көрсетіп тұрады. Мысалы, мәтіндік
редактордағы ең танымал үш ко-
мандалық объектінің бірінің қызме-
тін алайық
(3-сурет).
Осылардың ара-
сында ерекшеленген мәтінді қиып
алу үшін,
Достарыңызбен бөлісу: