29
1. Бөлмеде немесе ғимараттарда компьютер
арқылы қалай байланыс
орнатуға болады?
2. «Желі» деген не?
3. «Компьютерлік желі жұмысы» дегенді қалай сипаттауға болады?
4. Желілердің қандай түрлері бар?
5. Компьютерде желі құру үшін қандай құрылғылар қажет?
6. Компьютерлік желінің маңыздылығын қалай бағалайсың?
7. «Желі топологиясы» деген не?
8. «Желі топологиясының» қандай түрлері бар?
Радиотыңдаушылар санын 50 миллионға жеткізуге 38 жыл, теледидар
көрермендерін көбейтуге 13 жыл, ал интернетті
пайдаланушылар санын
көбейтуге небәрі 4 жыл қажет болған екен. Компьютерлік технология-
ның даму қарқыны осы мәліметтен-ақ байқалып тұр.
Өздерің оқитын мектепке арнап жаңа корпоративтік
желінің жобасын
жасаңдар. Мектептегі корпоративтік желінің негізгі элементтері ор-
наласатын
орындарды анықтап, схемасын сызыңдар.
«Қазіргі қоғамдағы ақпараттық мәдениеттің қалыптасуына желілік
технологиялардың әсері» тақырыбында пікірталас ұйымдастырыңдар.
1. Интернеттен желінің негізгі құрылғылары жайлы ақпарат ізде.
Жергілікті желілерді ұйымдастыру үшін
қажет құралдардың тізімін
дәптерге жаз.
Достарыңызбен бөлісу: