Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет80/127
Дата22.12.2021
өлшемі45,36 Mb.
#127665
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   127
Байланысты:
3 сынып цифрлық сауаттылық Алматыкітап2021 (1)

Логическое значение 
(Логикалық мән) режімінде цикл 
белгіленген шарттың мәні ақиқат болғанға дейін жұмыс 
істейді. Мысалы, бұл цикл режімінде алға қозғалған робот 
үшін белгіленген шарт ақиқат болса, ол циклден шығып, 
қозғалысын тоқтатады (
3-сурет, 
жасыл бағыттама). 
Время 
(Уақыт) режімінде цикл көрсетілген уақыт ішінде 
жұмысын аяқтайды. Бұл режімді де роботқа арналған 
жарыстарда қолдануға болады (
3-сурет, 
сары бағыттама). 
Циклдің жұмысы осы төрт режіммен шектелмейді. 
Циклді роботқа орнатылған датчиктерден алынған деректер 
бойынша да тоқтатуға болады (
5-сурет
).
5-сурет
. Жанасу датчигімен циклді тоқтату
Жанасу датчигі бар роботқа арналған циклдік алгоритм-
ге негізделген программаның жұмысын талдайық (
5-сурет
). 
Программа іске қосылғанда, орташа мотор алдымен сағат ті-
лінің бағытымен, содан кейін сағат тіліне қарсы айналады. 
Жанасу датчигі басылғанда цикл жұмысы тоқтатылып, 
орташа мотор өшеді. Роботтарға арналған программа құру 
барысында циклдерді қолданудың маңызы зор. Себебі цикл 
болмаса, программаның көлемі артып, оның жұмысын түсі-
ну қиынға соғар еді. Мысалы, 
4-суреттегі
 программада цикл 
қолдан ылмаса, роботты алға, артқа 10 рет қозғалту үшін, екі 
қозғалыс блогының орнына 20 блок қолданар едік.
2
3
4


90
Берілген программаның жұмысына талдау жасап (
6-сурет
), 
сұрақтарға жауап беріңдер. Тапсырмаларды орындаңдар. 
1. Программада қандай цикл режімі қолданылған?
2. Программа орындалғанда роботтың қозғалыс алгоритмі қан-
дай болады?
3. Программада циклдің жұмысын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет