Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi


«Робот­тазартқыштың» алгоритмі



Pdf көрінісі
бет83/127
Дата22.12.2021
өлшемі45,36 Mb.
#127665
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   127
Байланысты:
3 сынып цифрлық сауаттылық Алматыкітап2021 (1)

«Робот­тазартқыштың» алгоритмі
«Робот­тазартқыштың» қозғалысының алгоритмі
1. Робот тұрған орнынан алға қарай 3 секунд қозғалады.
2. Қысқышымен қоқысты қысады. 
3. 180°-қа кері бұрылады.
4. 3 секунд қозғалып, тоқтайды.
5. Қысқышын айқара ашып, қоқысты тастайды.
6.  180°-қа кері бұрылып, келесі қоқысты әкелуге дайын-
далады. 
Әрине, «Робот-тазартқыштар» көшелерде барлық 
іс-әрекетті өздігінен орындай алмайды. Мұндай жобалар-
ды алдағы уақытта жан-жақты жетілдіріп, дамыту қажет. 
Сонда «Робот-тазартқыш» жобасын сөзсіз құрастыруға 
болады. 
2.1
 және 
2.2-суреттерде
 базалық робот жинағы 
берілген. 
2.3–2.9-суреттерде
 роботтың қоқысты ұстайтын 
қысқыш тетігін құрастыру кезеңдері сипатталған. 
Робот қысқыш тетігімен қоқысты бір орыннан екінші 
орынға жинай алады. 
2.10-суретке
 қара. Онда 
2.2-сурет-
тегі 
базалық робот пен 
2.9-суреттегі
 роботтың қысқыш теті-
гін біріктіріп, «Робот тазартқыш» құрастырылды. 
«Робот тазартқышқа» назар аударсаң, онда датчик 
барын байқамайсың. Әзірге біздің бұл роботымыз көрсе-
тілген орынға дейін қозғалып, «қолына» қысқан қоқысын 
тиісті орынға апара алады. Айналасындағы қоқысты өзі 
анықтап, оны жинау үшін, бұл роботқа датчик керек. Ро-
боттың датчиктерімен жоғарғы сыныптарда танысамыз.


94
Берілген алгоритм бойынша программа құрастырайық 
(
3-сурет
). 
3-сурет
. «Робот-тазартқыштың» программасы 
«Робот-тазартқыштың» программасын талдаңдар. 
1. Программа роботтың сөзбен сипатталған алгоритміне қан-
шалықты сәйкес келеді? Зерттеңдер.   
2. Программа блоктарындағы параметрлердің қолданылуын тү-
сіндіріңдер. Программада қандай цикл режімі қолданылған?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет