Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады



бет1/14
Дата07.05.2017
өлшемі2,24 Mb.
#16180
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Кіріспе
Қазіргі кездегі біздің қоғамның даму кезеңдерінің негізгі тапсырмалары тұрақтылық негізінде халықтың жағдайының әрі қарай өсуінің қамтуынан, халықтық шаруашылықтың жылжымалы келуінен, ғылыми-техникалық прогрестің жылдамдауынан және экономиканың интенсивті даму жолына ауысуынан тұрады.

Аурухананы, ереже бойынша, типті жоба бойынша I- II өрт төзімділік дәрежесінен төмен емес жеке көкалды аймақта тұрғызады. Аурухана корпустарын кейде өзара жабық өткелдермен және галереялармен қосады. Аурухана сыйымдылығы 100-ден 3000 орынға дейін болуы керек, ал биіктігі 3-тен 5-ке дейінгі қабатта болуы керек. Қазіргі уақытта аурухана корпустарын 800-1000 орынға дейін 9-дан 12 қабатқа дейінгі биіктікте тұрғызып жатыр. Жаңа ауруханалардың қабаттарының биіктігі 3,3 м.

Қазіргі кезге дейін Ш-IV өрт төзімділік дәрежелі қиын жанатын және жанғыш материалдардан салынған ескі құрылыстағы ауруханалар мен поликлиникалар көп.

Аурухана ғимаратының ішкі жоспарлануы коридорлы бір жақты әртүрлі бөлмелер орналасады. Коридорлар үлкен қашықтықта болуы мүмкін және табиғи жарықтануы болмауы мүмкін, ал орталық сатылы торлары көбінесе ашық орындайды. Қабаттарда дәрігерлердің, емдік, рентген кабинеттерін, 25-30 орынды секцияға қосатын науқастарға палаталарды, дәріханаларды, тіркеу орындарын, рентген пленкаларын, дәрі-дәрмектерді сақтау орындарын, сонымен қатар аурухананың қызмет көрсетуі бойынша әртүрлі бөлмелер (тамақтандыру орындары, киім ілгіштер т.б.) орналастырады.

Аурухананың көптеген бөлмелерін желдеткіш каналдарының таратқыш жүйесінен ауаны кондиционерлеу қондырғысымен жабдықтайды. Қазіргі уақытта ауалы жылыту, орталықтандырылған шаңды жинау жүйесі, қоқыс құбырлары, әртүрлі электр және радио қондырғылар, телевидение және т.б. кеңінен қолданылады. Ауруханаларда өрт ауыртпалығы бірдей емес, тіркеу орындарында ол 80-100 құрайды, палаталарда 40-50, ал басқа бөлмелерде 20-50 кг/м2.

Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады.

I және II өрт төзімділік дәрежелердегі ғимараттарда от 0,5-1,5 м/мин жылдамдақта бөлмедегі қондырғылармен, жиһаздармен және жанғыш материалдармен тарайды. Бөлмеден от және жану өнімдері коридорға тарайды. Егер саты торлары коридорлардан бөлінбесе, онда жану өнімдері және от жоғары орналасқан қабаттарға тез тарайды және науқастарға құтқару жолдарын бөгеп қалуы мүмкін. Ауруханалар мен поликлиникалардың жеке ғимараттарында бірнеше саты торлары қосылған, бұл олардың тез түтіндеуіне әкеп соғады.

Жалынның және түтіннің тез тарауына желдету, ауалы жылыту жүйелері, қоқыс құбырлары әсер етеді, сонымен қатар Ш және IV өрт төзімділік дәрежелі ауруханалардың ғимараттарының конструкциясының бос орындары әсер етеді. Мұндай ғимараттарда оттың тарау жылдамдығы 2-3 м/мин дейін жетеді, ал коридорларда, галереяларда және өтпелерде кейде 4-5 м/мин. Өрттің тез дамуына жеңіл тұтанғыш заттардың және дәріханалардағы материалдар, зертханалардағы, қоймалардағы дәрі-дәрмектер және т.б. әсер етеді.

Ауруханаларда өрт кезінде ең алдымен науқастарға қауіп төнеді. Көбінесе қауіп рентген кабинеттерінен, дәріханалардан, дәрі-дәрмек қоймаларынан, фармацевтикалық бөлімдерден әртүрлі улы булар мен газдар бөлінетін жерлерден төнеді.

Мемлекетіміздің шаруашылық ғимараттарын және халқын қорғау мәселелері қозғалып нақты тапсырмалар қойылды. Олардың бірі Тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жетілдіру. Ал бұл жұмысты атқару газ-түтіннен қорғау қызметінің тікелей міндеті. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2010 жылғы 22-желтоқсан күні бекіткен №446 бұрығының 12- бабында Газ-түтіннен қорғау қызметі (әрі қарай – ГТҚҚ) жұмысы тыныс алуға жарамсыз ортада өрт кезінде құтқару жұмыстарын ойдағыдай жүргізуге, өрттің өршу масштабтарын және олардан келетін шығындарды азайтуға, өрт сөндірушілердің қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамсыз етуге әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.

ГТҚҚ жұмысының тиімділігіне заманауи материалдық-техникалық жарақтау деңгейімен, газ-түтіннен қорғаушылардың кәсіби шеберлігімен және заманауи техниканың мүмкіндіктерін іске асыратын мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік жұмысының жоғары деңгейімен қол жеткізіледі.

ГТҚҚ Министрліктің басқару органдарында, бөлімшелерінде, өрт-техникалық оқу орындарында тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру (АҚЖ) бойынша іс-қимылдар жасау үшін ұйымдастырылады.

Тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу өртке қарсы қызметінің ең қиын, әрі қауіпті жұмыстарының бірі, ал емдеу мекемелерінде ол жұмыс әлде қайда қиынға түседі. Сондықтанда дипломдық жобаның тақырыбы: Ауруханада өртті сөндіру кезінде ГТҚҚ ұйымдасытыру. Мысал келтіретін болсақ, осыдан 4 жыл бұрын Талдықорғанда наркологиялық диспансердің емдеу-сауықтыру ғимараты өртеніп кетті. Ғимарат қыркүйектің 13-і күні таңсәріде жалынға оралған. Аурухана қызметкерлері қаза болғандар тізімінде 35 науқас пен мекеменің 2 қызметкері бар деп хабарлады. Екі адам жан сақтау бөліміне жатқызылған. Денелерін күйік шалған 7 адам облыстық ауруханаға жеткізілген.

1 Өрт және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнында газ- түтіннен қорғау қызметінің күштері мен құралдарын қолдану

1.1 Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынының жұмысын ұйымдастыру
ГТҚҚ буыны газ-түтіннен қорғау қызметінің бастауыш тактикалық бірлігі болып табылады.

ГТҚҚ буындары мен қауіпсіздік бекетіндегі кезекшілер құрамын өрт орнында қолда бар ГТҚҚ күштері мен құралдарына және тыныс алуға жарамсыз ортада әрекеттер жүргізуге қойылған міндеттер құрамына сүйене отырып, ӨСЖ тағайындалған ГТҚҚ буындарының командирлері қалыптастырады.

ГТҚҚ буынының командирін тағайындау өрт және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнында болатын әрекеттердің (жұмыстардың) сипаты ескеріліп және оның біліктілігіне қойылатын талаптар міндетті түрде сақталғанда жүргізіледі.

ГТҚҚ буынының командирі қойылған жедел тапсырманы шешуде өрт сөндіру жетекшісіне, өртті сөндіру учаскесін ұйымдастырғанда – сол учаскенің бастығына бағынысты болады.

БӨП ұйымдастырумен қатар, ГТҚҚ буындарын құру, ГТҚҚ буындарының командирлерін және бақылау бекетіне кезекшілерді тағайындау, ГТҚҚ буындарының тыныс-тіршіліктерін қамтамасыз етілуін бақылау міндеті бақылау-өткізу пункті бастығының қызмет аясында болады. Ол өз әрекеттерін, қажет болған жағдайда және өрттің (аварияның) даму сипатын ескеріп, өрт сөндіру жетекшісімен, аварияны жою жөніндегі жұмыстардың жетекшісімен, өрттегі жедел штабтың бастығымен немесе өртті сөндіру ЖУ бастығымен келіседі.

Тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеген кезде ГТҚҚ буыны ГТҚҚ буынының командирін қосқанда кем дегенде 3 газ-түтіннен қорғаушыдан құрылуы тиіс. Буын құрамына бір бөлімшеде немесе кезекші қарауылда қызмет атқаратын газ-түтіннен қорғаушылар қосылады.

Ерекше жағдайларда ГТҚҚ буындарының құрамдарына ӨСЖ шешімі бойынша екі бөлек кезекші қарауылдарда немесе бөлімшелерде қызмет атқарудағы газ-түтіннен қорғаушыларды қосуға болады. Бұл ретте, ГТҚҚ әрбір буынының жеке құрамында бір типті (маркалы) және қорғау әсерінің уақыты бірдей ТОЖҚҚ болуы тиіс.

Айрықша жағдайларда, мысалы, газ-түтіннен қорғаушылар саны жеткіліксіз және кезек күттірмейтін құтқару жұмыстарын жүргізген кезде ӨСЖ шешімі бойынша ГТҚҚ буынының құрамы 2 газ-түтіннен қорғаушыға дейін азайтылуы мүмкін.

ГТҚҚ буындарының саны мен олардың сандық құрамын өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орындарында ӨСЖ немесе өрттегі жедел штабтың бастығы белгілейді.

Өрт орнында немесе авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу кезінде ГТҚҚ буындарының (бөлімшелерінің) командирлері болып:

өртте немесе аварияларда бір қарауыл жұмыс істеген кезде, қарауыл бастығы немесе оның өкімі бойынша олардың құрамында ГТҚҚ буының (буындарын) құруға жеткілікті газ-түтіннен қорғаушылар саны болса бөлімше командирі;

бір уақытта бірнеше қарауыл қатар болған жағдайда – басқару органның, бөлімшенің немесе ГТҚҚ буындар құрамында әрекеттерді жүргізуге машықтанған, газ-түтіннен қорғаушы біліктілігі бар мекеменің лауазымды тұлғасы.

ГТҚҚ арнайы (штаттық) бөлімшелері бар болған жағдайында – ГТҚҚ арнайы (штаттық) бөлімше командирі немесе басқару органның, бөлімшенің немесе тыныс алуға жарамсыз орта аймақтарында ГТҚҚ буындар құрамында әрекеттерді жүргізуге машықтанған, газ-түтіннен қорғаушы біліктілігі бар мекеменің лауазымды тұлғасы тағайындалады.

ГТҚҚ буындарын құру кезінде және тыныс алуға жарамсыз ортада әрекеттерді жүргізуде ӨСЖ мен өрт орнында және авария аймағындағы арнайы уәкілетті лауазымды тұлғалар өз міндеттерінің көлемінде қызмет етеді және келесі сұрақтарды келістіреді:

газ-түтіннен қорғау қызметінің құрамы, күштер мен құралдар бөлу саны мен тәртібі;

тыныс алуға жарамсыз орта аймағында әрекеттері жүргізу үшін қойылған міндеттер құрамы;

қойылған міндеттерді орындау орнына ГТҚҚ буынының жақындау маршруттары;

ГТҚҚ резервтік буындарының орналасу орындары;

жоспарланудағы әрекеттердің сипатын ескере отырып, ГТҚҚ буындарының жарақтандырылуының минимумы;

адамдарды құтқару тәртібі мен әдісі;

эвакуацияланған және құтқарылғандарды жинау пункті;

медициналық-санитарлық қамтамасыз ету орындары мен жағдайлары;

Жауынгерлік тапсырманы орындау үшін ГТҚҚ буынының жабдықталуының қажетті минимумы болуы тиіс, онда мыналар көзделеді:

бір түрлі тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары;

тыныс алу аппаратының жинағанына кіретін құтқару құрылғысы тыныс алу аппараттарында жұмыс істейтін әрбір газ-түтіннен қорғаушыға біреуден;

байланыс құралдары (радиостанция, сөйлесу құрылғысы немесе өзге де штаттық құрал);

жарықтандыру құралы: топтық шам – ГТҚҚ буынына біреу және әрбір газ-түтіннен қорғаушыға жеке шам;

сақтандыру құралдары – иілмелі бума (іліністірігіш арқан) және бағыттаушы трос (жол кендір жібі)

ӨСЖ қалауынша сөндіру құралдары (өрт сөндіру оқпаны бар жең желісі, серпіліс өрт сөндіргіш, өрт сөндіргіштер);

бекініс құралы: жеңіл немесе бесаспап сүймен.

Бағыттаушы трос байланыс құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Осы ретте арнайы дабылдар орнатылады.

Үй-жайдың жобасы күрделі емес, өрт ошағына дейінгі қашықтық үлкен емес және түтіндеу тығыздығы биік емес болғанда жұмыс жағдайларына байланысты бағыттаушы трос ӨСЖ шешімі бойынша өрт орнында (авариялық-құтқару жұмыстарын, оқытулар, жаттығулар жүргізу орындарында) қолданыла алады.

Биік және күрделі құрылымды ғимараттар мен құрылыстар өрттерін сөндіру кезінде қойылған міндеттердің сипатына байланысты ГТҚҚ буынының жарақтандыру минимумының құрамы төменде көрсетілген тізімнен нақты құралдарды қосып, толықтырылуы тиіс:

Ескертпе: құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде барлық жағдайларда барлық уәкілетті лауазымды тұлғалар өрт орнында күштер мен құралдарын жаюмен қатар жедел медициналық жәрдем шақыруды ұйымдастырады.


1.2 ТОЖҚҚ жұмысқа дайындаудың тәртібі

ТОЖҚҚ дайындау кезекші қарауылға (кезекші ауысымға) кезекшілікке түскенде және өрт (АҚЖ, оқыту, жаттығулар жүргізу) орнында жүзеге асырылады.

ТОЖҚҚ пайдалануға дайындау мыналарды көздейді:

1) кезекшілікке түскен кезде (есепке қою);

ГТҚҚ бақылау бекетінде ТОЖҚҚ алу;

№1 тексерісті жүргізу;

№1 тексерістерді тіркеу журналын толтыру;

ТОЖҚҚ өрт сөндіру автомобиліне салу (кеменің бөлігінде);

Ескертпе: Кезекшілікке түсер кезде баллондағы оттегі (ауа) қысымы:

оқшаулайтын газқағарлардағы баллондарда – 15,7 МПа (160 кгс/см );

тыныс алу аппараттарының баллондарында -24,5 МПа (250 кгс/см) кем болмауы тиіс.

2) өрт (авариялық-құтқару жұмыстарын, оқыту, жаттығулар жүргізу) орнында пайдаланар алдында:

аспалы жүйені дайындау және оны кию;

жауынгерлік тексеріс жүргізу: буын командирінің, жаттығулардың жетекшілерінің командасы бойынша жүргізіледі. Мысалы: «Буын, тыныс алу аппараттары (оқшаулағыш газқағарлар) - ТЕКСЕР!» деген команда беріледі;

газ-түтіннен қорғаушының баллондағы ауаның (оттегінің) қысымы туралы және қойылған міндетті атқаруға дайындығы туралы ГТҚҚ буының командирі мен жаттығулардың жетекшілеріне баяндауы. Мысалы: «Петров іске қосылуға дайын, қысымы 280 атмосфера», егер тыныс алу аппаратына қосылу жауынгерлік тексеріс барысында жүргізілсе: «Газ-түтіннен қорғаушы Петров аппаратта жұмыс істеуге дайын, қысым 280 атмосфера!» деген баяндама жасалады.

3) өрт орнында (авариялық-құтқару жұмыстарын, оқыту, жаттығулар жүргізу орындарында) пайдаланғаннан кейін:

тазарту, жуып-шаю, кептіру, қайта жабдықтау, дезинфекциялау, соның ішінде (пайдаланған жағдайда) құтқару құрылғысын:

№2 тексерісті жүргізуді, егер басқасы осы Тәлімдемеде немесе шығарушы зауыттың Нұсқаулығында қарастырылмаған болса;

№2 тексерістерді тіркеу журналын және газ-түтіннен қорғаушының жеке кәртішкесін толтыру;

ТОЖҚҚ өрт сөндіру автомобиліне салу немесе ГТҚҚ бақылау бекетіне орналастыру.

Жауынгерлік тексерусіз және тексеріс барысында ақау табылған кезде тыныс алу аппаратына және ООБ қосылуға тыйым салынады.

Арнайы қорғайтын киім-кешекті пайдаланар алдында мақта немесе жұмсақ тоқыма матамен иллюминатор шынысының ішкі жағын (киім-кешек жиынтығына кіретін) арнайы қоспамен сүрту керек. Одан басқа, оқшаулағыш костюмін пайдаланар алдында герметикалық сыдырмасын бұйым жиынтығына кіретін сыдырмаларды сүртуге арналған арнайы құралмен майлау керек.

Қорғайтын киім жиынтықтарын кию және шешу тәртібі қорғайтын киім-кешектің нақты бір түріне пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
1.3 ТОЖҚҚ жұмыс істеудің ерекшелігі
Тыныс алу аппараттарында жұмыс істеген кезде:

газ-түтіннен қорғаушы дыбыстық дабылдағыш дабыл қаққан кезде буын командиріне міндетті түрде дереу баяндап, буын құрамында таза ауаға шығуы тиіс;

қажет болған жағдайда тыныс алу аппараттарының жинағына кіретін құтқару құрылғысын пайдалану керек;

өрт орнында (жылу түтін камерасында авариялық-құтқару жұмыстарын, оқу, жаттығуларын жүргізу). Осындай жағдайда аппараттық қызмет көрсету жауынгерлік тексеру көлемінде орындалады.

Оттегі оқшаулайтын газқағарларды қолданғанда:

тыныс алуға жағымсыз ортада баллондар мен регенеративті патрондарды ауыстыруға жол берілмейді;

қосу қорабынан ылғалды әрбір 40-60 минут жұмыс істеген сайын резина грушасы арқылы (болған жағдайда) жою керек,

қосатын қораптан ылғалды 40-60 минут сайын резеңке грушамен тазалайды (бар болған жағдайда).

газқағар жүйесіне қоршаған ортадан ауаны сорып алынғаны байқалған жағдайда және газ-түтіннен қорғаушы өзін нашар сезінгенде, кейін тыныс алу клапандарының дұрыстығын тексеріп, байпас арқылы газқағарды оттегімен үрлеуді қамтамасыз ету. Тыныс алу клапандары ақаулы болған кезде таза ауаға шығуды қамтамасыз ету үшін әрбір дем шығарған сайын – дем алу шлангісін қысып, ал әрбір дем алу кезінде дем шығару шлагісін сығымдап қысады.

Өндірістің технологиялық ерекшеліктері бойынша ООГ қолдануына тыйым салынатын объектілерде өртте және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгенде оларды қолдануға жол берілмейді.

Сыртқы ауаның температурасы жағымсыз болған жағдайда ООГ қолданғанда:

тыныс алуға жағымсыз ортаға кіруге тек тыныс алу клапандары мен регенерациялы патрондағы химиялық жұтқышты дем алумен жылытқанда ғана болады;

газқағарға қосуды жылы үй-жайда (үйдің кіреберісінде) немесе өрт сөндіру автомобилінің кабинасында жүргізу керек;

газқағардан ажыратылған кезде бірден салқын ауамен дем алуға және су ішуге болмайды.

Тікелей тыныс алуға жарамсыз ортада газ–түтіннен қорғаушыларға жәрдем көрсеткен кезде баллонда оттегінің (ауаның) бар болуын, тыныс алу шлангтарының жай-күйін тексеру қажет, ООГ жұмыс істегенде артық клапаны іске қосылғанша тыныс алу қапшығын байпас арқылы оттегімен қосымша шаю керек. Тыныс алу аппаратында жұмыс істегенде зардап шеккеннің маскасының астына байпас арқылы қосымша ауа жеткізу керек, ең болмағанда оның дем алу автоматы бар маскасы басқа газ-түтіннен қорғаушының тыныс алу аппаратына ауыстырылуы тиіс. Зардап шеккенді таза ауаға шығарып, маскасын шешу керек және қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету керек.

Ескертпелер:

баллондарды алмастыру буын командирінің бақылауымен, мобильдік базасы, ГТҚҚ бақылау бекеті болған жағдайда ГТҚҚ аға шеберімен (шеберімен) жүргізіледі.

Тыныс алу аппаратының баллоның алмастыруды таза ауада жүргізу керек.


1.4 Тыныс алуға жарамсыз ортада іс-қимыл жасауға қойылатын талаптар мен жұмыс ережесі
Әрбір іс жүзіндегі ГТҚҚ буынына қауіпсіздік бекеті қойылады, ерекше жағдайларда тыныс алуға жағымсыз ортаға кіру екі буынға біреу болса, ГТҚҚ бір мезгілде жұмыс жасайтын екі буынына бір қауіпсіздік бекетін қоюға рұқсат етіледі.

ГТҚҚ буынының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бекетте тұрған қызметкер ТОЖҚҚ жұмыс істеу параметрлерінің есебі жүргізіледі және олардың сақталуын бақылау жүзеге асырылады.

Метрополитен тоннельдерінде, ұзаққа созылған (көлемді) жерасты құрылыстарында, тоғыз қабаттан жоғары ғимараттарда, кемелердің трюмдерінде және басқа потенциалды қауіпті объектілердің қауіпсіздік бекетінде әрбір іс жүзіндегі буынға бір резервтік ГТҚҚ буыны қойылады, басқа жағдайларда әрбір іс жүзіндегі буынға, әдеттегідей БӨП бір резервтік ГТҚҚ буыны қойылады.

Метрополитеннің жерасты құрылыстарында және ұзақтылығы (ауданы) үлкен жерасты құрылыстарын барлау үшін ГТҚҚ буынның кем дегенде екі буыны жіберіледі, бұндай жағдайда буын командирінің біреу аға командирі болып тағайындалады. Мұндай жағдайда 4 сағат қорғайтын ТОЖҚҚ қолдану қажет (өртке қарсы қызмет гарнизонында болса).

Адамдарды жаппай құтқару кезінде немесе жоспарлануы күрделі емес көлемі шағын және таза ауаға есігі жақын үй-жайларда жұмыс жүргізген кезде тыныс алуға жарамсыз ортаға бір мезгілде қойылған міндеттерді жедел және тиімді шешу үшін қажетті газ-түтіннен қорғаушыларды жіберуге жол беріледі.

Ірі және дамыған өрт орнында және авария аймағында тиісті басшылар қауіпсіздік шараларын сақтауға жауапты тұлғаларды басшылық құрамы тұлғаларының қатарынан тағайындайды.

Өрттің барлауын ұйымдастырғанда өрт орнында ӨСЖ және басқа да жедел лауазымды тұлғалар агрессивті химиялық қауіпті заттар мен радиоактивті заттардың сипатын, олардың концентрация деңгейі мен ластану аймақтарының шектерін, сондай-ақ қажетті қауіпсіздік шараларын анықтау үшін ұйымдар мен объектілердің тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерін барынша қатыстыру керек.

Химиялық қауіпті зат және радиоактивті зат шығарынды болатын аварияларды жоюға қатысатын басқару органдардың, бөлімшелердің, мекемелердің жеке құрамы тек арнайы қорғайтын киім-кешекте және ТОЖҚҚ жұмыс істейді.

Химиялық және радиациялы зақымдалған аймақта тері мен тыныс алу органдарын жеке қорғайтын құралдарсыз болуға тыйым салынады.

Оқшаулағыш газқағарлар мен тыныс алу аппараттарына қосу және ГТҚҚ буынының газ-түтіннен қорғаушылары өрт орнында немесе авария аймағында арнайы қорғайтын киім-кешек жиынтығын киюді таза ауада, әдеттегідей, қауіпсіздік бекеті орналасқан жерде жүргізіледі. Сыртқы ауа температурасы жағымсыз болғанда – жылы үй-жайда немесе өрт сөндіру автомобилінің жауынгерлік есеп кабинасында жүргізіледі.

ГТҚҚ бөлімшелері химиялық және радиациялық зақымдалған аймақта барлық әрекеттерді тек жоспарланудағы жұмысқа объектілердің әкімшілігінің жауапты өкілінің жазбаша түрде рұқсаттама (рұқсаттама-наряд) алынғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Химиялық зақымдалған аймақтарда жұмыс істеу кезінде оттегі оқшаулайтын газқағарларды өнеркәсіптік газқағарларына ауыстыруды химиялық барлау және объекті мен Министрлік мамандарынан кеңес алу нәтижелері бойынша жүргізіледі. Арнайы қораптардың үздіксіз әрекет ету уақытын анықтау кезінде олардың ХҚЗ түрі, улылығы, авария аймағындағы концентрациясы ескеріледі.

Авария орнында ГТҚҚ күштері мен құралдарын жаю зақымдалмаған аймақта желдетілген жақтан жүзеге асырылуы тиіс. ХҚЗ буларының концентрация мәні мен радиация деңгейін анықтамай, ХҚЗ және радиоактивті заттар сақталатын авариялық үй-жайларға кіруге тыйым салынады.

Тыныс алуға жарамсыз ортақта, сондай-ақ химиялық радиациялық зақымдалған аймақта жұмыс істеп жатқан ГТҚҚ буындарының ауысуы жеке қорғайтын құралдардың қорғау әсері уақытына сәйкес жүргізіледі. Ауысу әдеттегідей, таза ауада жүргізіледі. Қажет болған жағдайда ол ӨСЖ, немесе БОП бастығы немесе аварияларды жою жөніндегі жұмыстары жетекшісінің шешімдерімен жауынгерлік позицияларда тыныс алуға жарамсыз ортада жүргізіледі. Ауысқан ГТҚҚ буындары тиісті қалпына келтіру іс-шараларын жүргізгеннен кейін резервте болады.

Авария орнында күштер мен құралдардың, қорғайтын киімдер мен арнайы қораптардың, медициналық жабдықтардың, дозиметрлік бақылау құралдардың және т.б. заттардың резервтері зақымдалмаған аймақтан тыс, өрт орнында – ОСЖ бекіткен учаскесінде өрт аймақ шекарасында болуға тиіс.

ГТҚҚ буынының өрт ошағына қозғалған және қайта оралған кезде буын командирі бірінші болып жүреді. Тұйықтаушы болып, неғұрлым тәжірибелі газ-түтіннен қорғаушы тағайындалады, ол сонда-ақ буын командирінің орынбасары болып табылады. Ерекше жағдайларда ақуалға байланысты қайта оралып келе жатқанда буынды тұйықтаушыға бірінші болып жүруге рұқсат беріледі.

ГТҚҚ буына тыныс алуға жарамсыз ортадан толық құрамда қайта оралуы тиіс.

ГТҚҚ буыны тыныс алу аппараттарынан және оқшаулағыш газқағарлардан ажырату ТОЖҚҚ буыны командирінің командасы бойынша іске асырылады. Мысалы: «тыныс алу аппараттарының (газқағарлар) буыны – АЖЫРАТЫЛСЫН».

ГТҚҚ буынының командиріне және қауіпсіздік бекетінде тұратын күзетшіге қандай да бір нұсқау беруге тек ӨСЖ, өрттегі жедел штабтың бастығы, БӨП бастығы немесе аварияны жою жөніндегі жұмыстардың жетекшісі ғана беруге құқықты. Өрт орнындағы басқа лауазымды тұлға тек ГТҚҚ буыны тура соған бағынысты болса ғана буын командиріне нұсқау бере алады, ол туралы буын командирі жеке өзі білуге тиісті.

Тыныс алуға жарамсыз ортада өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ГТҚҚ буын командирі жүру жолын есіне сақтап, келесі талаптарды орындауға тиіс:

ТОЖҚҚ ашық отқа әсерінен, соғылу мен зақымданудан сақтау қажет, масканы шешіп немесе оның әйнегін сүрту үшін тартуға, қысқа уақытқа болсын ажыратуға жол берілмеуі;

қауіпті өрт факторлары бар және ХҚЗ мен радиоактивті заттармен зақымдалған аймақтарда жұмыс істеуге шектелетін уақытты білуі және бақылауы;

қауіп туралы хабарлау дабылын білуі;

биіктікте жұмыс істегенде газ-түтіннен қорғаушыларды құлап кетуін болдырмайтын сақтайтын құралдардың қолданылуын;

ХҚЗ буларының концентрация мәні мен радиациялық деңгейін анықтап алмай, ХҚЗ және радиоактивті заттар сақталатын авария үй-жайларына кіруге болмайды;

жылжу барысында жөндеу, технологиялық және басқа ойықтарға, сондай-ақ құрылыс конструкцияларының бұзылған жерлеріне құлап кетуді болдырмау үшін өз алдындағы жабын конструкцияларын өрт сөндіру сүйменімен соғып тұру қажет;

биікке көтерілу және онда жұмыс істеу кезінде газ-түтіннен қорғаушыларға өрт сөндіру оқпанының жең жолағына жалғанған аспаны киюге рұқсат берілмеуі тиіс;

есік ойықтарын ашқан кезде ГТҚҚ буынының жеке құрамы осы есік ойығынан тыс жерде болуы тиіс және есіктің тұрқы ықтимал жалын шарпуынан қорғауға қолданылуы тиіс;

әдеттегідей, қиғаштап қабырғалармен немесе терезе ойықтары бар қабырғалар бойымен сақтану шараларын сақтап, оның ішінде өрт (апат) объектісінің жедел-тактикалық және конструкциялық ерекшеліктерін ескере отырып қозғалу керек;

жылжу кезінде қабырғаларды тек алақанның сырт жағымен ғана ұстау керек:

жұмысты істеу немесе жылжу кезінде үнемі буынның жарақтандырылуын, конструкцияның жарылу және бұзылу қауіптігін, оттың тез лаулау мүмкіндігін бақылауы тиіс;

жылжу кезінде жұмыс жақтарымен қараған іс жүзіндегі механикаландырылған және электрленген құралдарды бір жерден бір жерге, ал көлденен аралар мен қол араларды ауыстыруға болмайды;

ақаулықтар туралы немесе басқа да буынға жағымсыз жағдайлар туралы баяндап, газ-түтіннен қорғаушылардың қауіпсізідігін сақтауға бағытталған шешімдерді қабылдауға тиісті;

ТТС, ЖС, жанғыш газдары бар сыйымдылықтар мен ыдыстар сақталатын немесе болатын үй-жайларда, сондай-ақ жанғыш шаңдар мен талшықтардың шығуы ықтимал жерлерге ашық жалынмен кіруге тыйым салатынын білу керек;

ТТС, ЖС сақтайтын үй-жайларда жұмыс істеу кезінде ГТҚҚ буының жеке құрамы резеңке етік киіп, ұшқын шығуға қарсы барлық сақтандыру шараларын қолданып, электр шам ажыратқыштарын пайдалануға болмайды;

құдықтар мен жылу коммуникацияларын жарықтандыру үшін ашық жалынды қолдануға жол берілмейді;

құтқару және өзін-өзі құтқару үшін суланған және дымқыл құтқару арқандарын және осы мақсаттарға арналмаған басқа да құралдарды қолдануға тыйым салады;

құтқару және өзін-өзі құтқару жұмысын буын командирі құтқару арқанының ұзындығы жерге (балкон және т.б.) толығымен түсуді қамтамасыз ететініне, құтқару ілгегі ғимараттың құрылысына берік бекітілгеніне және белдік өрт сөндіру карабиніне дұрыс байланғанына көз жеткізсе ғана бастайды;

ГТҚҚ буындарына өртте жұмыс істеген кезде лифтіні пайдалануға тыйым салады;

Тыныс алуға жарамсыз ортаға кірер алдында ГТҚҚ буын командирі карабинмен бағыттаушы арқанды қауіпсіздік бекетіне конструкцияға бекітіп, қойылған міндеттерді орындау орнына жылжытады. Белгіленген жерге жеткен кезде арқанды бекітіп, буын құрамымен қойылған міндеттерді орындауға кіріседі.

Кейін бағыттаушы арқан әрекет жасайтын орынға және кері қайтарғанға жылжу үшін арналған бағыт ретінде ГТҚҚ буындарымен қолданады.

Жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде ГТҚҚ буынның сақтығы ретінде, бағыттаушы тросты немесе қол жолағын қолдану қажеттілігі ӨСЖ шешімімен қойылған міндеттер мен өрт объектісі жобасының күрделігіне қарай анықталады.

ГТҚҚ буынында болған оқиға туралы немесе олармен байланыс үзілген жағдай туралы хабарлама түскенде қауіпсіздік бекетіндегі кезекші ӨСЖ немесе БӨП бастығымен келісіп, көмек көрсету үшін ГТҚҚ буынының болжамды орнына дереу (резервті) буын (буындар) жіберуге міндетті.

Химиялық және радиациялық зақымдалған аймақта жұмысты аяқтаған соң газ-түтіннен қорғаушылар қажетті жағдайда санитарлық өңдеуден, шығатын дозиметриялық бақылау мен медициналық тексеруден өтуге міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет