Дэвид Майерс пен Жан Туенждің «Әлеуметтік психология» оқулығының 12-басылымы - Дэвид Майерс пен Жан Туенждің «Әлеуметтік психология» оқулығының 12-басылымы
- аталған пәннің негізгі бағыттарын толық қамтиды. Кітапта күнделікті өмірде кездесетін
- әлеуметтік құбылыстардың психологиялық астары жан-жақты қарастырылған. Жеке тұлға,
- топ ішіндегі қарым-қатынас, тұлғаның түрлі әлеуметтік процестердегі рөлі, негізгі қызметі,
- даму өрісі сияқты әлеуметтік құбылыстардың психологиялық заңдылықтары заманауи
- зерттеулермен толықтырылып, тәжірибелік мысалдармен дәйектелген.
Америка тілшілері қоғамының президенті Виктория Фромкин бастаған ғалымдар тобының - Америка тілшілері қоғамының президенті Виктория Фромкин бастаған ғалымдар тобының
- «Тіл біліміне кіріспесі» тілдік өзгеріс, тілді меңгеру, жазба тілдің негіздері, тіл және адам
- миы сияқты мәселелерді жаңаша талдайды.
- 12 тараудан тұратын кітапта тіл ғылымы, фонетика, грамматика, морфология мен синтаксис
- мәселелері баяндалады. Тілдік өзгеріс, тілді меңгеру, жазба тілдің негіздері, тіл және адам
- миы сияқты жекелеген мәселелер де қамтылған.
Гарвард университетінің профессоры Эллиот Аронсонның бұл еңбегі әлеуметтік психологияға адам - Гарвард университетінің профессоры Эллиот Аронсонның бұл еңбегі әлеуметтік психологияға адам
- табиғаты мен болмысы арқылы жол салған ерекше туынды. Оқулық атауының қазақша баламасы
- – «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе». Атты кітабы әлеуметтік психологияның
- жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, cалыстырмалы түрде, ғылымның жас саласы деп
- есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан.
- Аронсон әлеуметтік психологияның ғылыми сала ретінде қалыптасып, өзіндік орнын иеленгендігін
- негіздеген. Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жаңаша қарауға, ең бастысы, адам психологиясындағы
- ерекшеліктерге мұқият болуға баулиды.
Достарыңызбен бөлісу: |