Табиғат және оның ажырамас бөлігі - адам - Шалкиіздің шығармашылығының өзекті тақырыбы. Қазіргі тілмен айтсақ, жырау - философиялық антропологизм бағытын ұстаған ойшыл. Адам - табиғаттың төл туындысы, сондықтан ол оның қасиеттерін табиғатпен салыстырып қарайды. «Алма мойын сам үйрек,
Ана Еділден көксіген
Көлді тастап қырға ұшса,
Бір тарланға жолығар!...». Сондықтан ер-жігіттер әрбіреуі әр жаққа тартпай, біріккенде ғана, елді жаудан аман сақтап қала алады:
Атаның ұлы ерлерге,
Малыңды бер де, басың қос.
Басыңды қос та бек сыйлас,
Күндердің күні болғанда,
Басың жауда қалар ма!» - деп қорытады жырау. Шалкиіздің ойынша, адамдар өз табиғаты бойынша жамандар мен жақсыларға бөлінеді:
«Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса,
Қоңқалаған көп жаман, сол жақсыны көре алмас...».
«Құсты жисаң бүркіт жи, қыстауыңды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң, азбас, тозбас мүлік етер,
Бір жаманмен дос болсаң, күндердің күні болғанда,
Жұмыла ғаламға күлкі етер», - дейді ақын.
Бұл дүние өтпелі, «...мынау жалған дүние, кімдерден кейін қалмаған», - дейді жырау. Сондықтан адам Бұл дүниедегі қызықты тегіс көріп, өмірді думандатып өткізу керек. Бірақ оның да өлшемі бар:
«...Жүйрікпін деп мақтанба,
О дағы бір құба арланға жолығар,
Еріккенде қызыл тілін тыймаған,
О дағы бір пәлеге жолығар.
Салмақтама немеңді,...
Тәңірі тесер төбеңді!» - деп, жырау адамды өлшемдікке, ұстамдыққа, әдет-ғүрыпты бүзбауға шақырады.
Тарих сахнасына келген XVII ғ. әлі басы бірікпеген қазақ халқына жаңа қиындықтар әкелді. Бір жағынан, кұннен-күнге күшейіп келе жатқан Ресей мемлекетінің суық лебі бұрынғыдан да гөрі айқын сезіле басталса, екінші жағынан, осы ғасырдың бірінші жартысында Шығыста жатқан Жоңғарлардың ру-тайпалары бастарын біріктіріп, өз хандығын дүниеге келтіреді. Шығыста жатқан Қытай мемлекетіне бата алмаған қалмақтар өз өрісін қазақ жерлерін жаулап алу арқылы кеңейткісі келді. Осыдан қазақ халқының басына орасан зор қауіп туады. 1723 ж. ойраттар қазақ жеріне бас салып, бытырап жатқан қазақ руларын орасан зор күйзеліске ұшыратады, халықтың үштен бірі қырылып, қыруар мал жау қолына тұседі. Халықтың санасында Бұл апат «Ақтабан шұбырынды, Алқақөл сұлама» деген атпен тарихқа кірді.
Әрбіреуі өз жағына бұратын қазақ билерінің есі енді ғана жиналып, жоңғарларға төтеп беру үшін біріге бастады. Мүндай қауіп-қатер туған жағдайда халық өз ішінен ұлы саясаткер-билерді: Төле, Қазыбек, Айтеке т.с.с.тудырды. Халық арасынан Отан үшін өз жанын беруге даяр Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Қарасай т.с.с. мыңдаған батырлар шығып, халықтың басын біріктірді. Шешуші кезең де келіп қалды. 1730 ж. Балқаш көлінің төңірегіндегі шайқаста қазақтар жоңғарларға ойсырата соққы беріп, күйрете жеңіп, өз жерін жаулардан босатты. Халық бұл шайқасқа Аңырақай жеңісідеген ат қойды.
Әлсіреген қазақ халқы екі жаққа бірдей тойтарыс бере алмады. Сондықтан осы кезден бастап, Ресей қазақ жерлерін өзіне қоса бастады.
Міне, жоғарыдағы көрсетілген ауыр қайғы-зардапқа толы тарих кезеңдері халықтың өзіндік сана-сезімін жаңа деңгейге көтерді. Сол уақытта өмір сүрген жыраулардың, ойшыл-билердің де шығармаларындағы халық тарихы, тағдыры жөніндегі ойлары пісіп-жетіліп, жаңа сапалық деңгейде көріне бастады.
Осы кездегі жыраулардың ішінен Ақтамберді, Үмбетей, Қожаберген, Бұқар, Шал ақындыерекше атауға болатын сияқты. Сол кездегі халықтың ауыр жағдайы, арманы мен мұны бұл жыраулардың шығармаларында кеңінен орын алды. Өкінішке қарай, оқұлықтың көлемі жыраулардың бәріне де тоқтауға мүмкіншілік бермейді.
Бұл Дүниеде ұзақ өмір сүріп, XVII ғ. екінші, XVIII ғ. бірінші жартысын қамтыған - жыр алыбы Бұқар жырауболды. Жырау өмірінің жас кезінде Тәуке ханның жанында болса, өмірінің
соңында - Абылай ханның ақылшысы, кеңесшісі. Сол кездегі сұрапыл заманды жырау былайша суреттейді:
«Ай, заман-ай, заман-ай,
Түсті мынау тұман-ай,
Істің бәрі күмән-ай...
Арғымағын жоғалтып,
Тай жүгірткен заман-ай», - деген жолдардан сол кездегі халық тағдырындағы қайғылы да күңгірт ахуалды көзге елестетуге болады.