Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет139/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

Еріншек, бекер мал шашпақ -


Бес дұшпаның білсеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз».
Әрине, Абай - телегей-теңіз, біз оның кейбір маңызды ойларына ғана талдау жасадық. Оқырманға Абайтану жолында сәттілік тілейміз.

§ 6. XX гасырдағы отандық философия


Қайшылыққа толы XX ғасыр қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. Ресей империясының шеңберінде қысылған, езілген халықтың ұлттық сана-сезімі оянып, еріктікке, халықтың бостандығына деген құштарлығы оянады; халық зорлық-зомбылықтың негізінде жартылай қырылып, геноцидке (түқымымен құру) тұсе жаздап, Кеңес заманының алғашқы кездерінде түпкілікті түрде көшпенділік өмір салтымен қоштасып, жерге отырады, сауаты ашылып, мәдениеті дамиды. Жергілікті халықтың саны күрт төмендеген соң, оның кең-байтақ бай жеріне басқа ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өз еркімен, я болмаса қуғын-сүргінге ұшырағаннан көптеп келе бастайды, қазақ елі көпұлттық елге айналады. Жаңа қалалар бой көтереді, тау-кен өндірістері тез қарқынмен дамиды, тың жерлер бұрын-соңды болмаған қарқынмен игеріле бастайды.
70-ші жылдардың аяғы, 80-ші жылдардың басында Кенес Одағы іріп-шіріп, империя күйзеліске ұшырайды, соның нәтижесінде 90-ші жылдары Кеңес Одағы ыдырап, оның орнында жаңа тәуелсіз мемлекеггер пайда болады. Қазақ халқының жүздеген жылдар бойы армандаған ел бостандығы жүзеге асып, Егемен Қазақ Елі дүниеге келеді. Сонымен ғасыр трагедиямен басталса, соңында халықтың шаттыққа толы жарқын үміттерімен, оның жаңа мемлекет орнатудағы құлшынысымен аяқталып, XXI ғ. ұласады. Міне, жоғарыдағы айтылған тарихи өзгерістер мен көлемді оқиғалар философия саласында терең толғауларды тудырып, отандық ой-талғамды жаңа сатыға көтереді. Енді әңгімені нақтылай келе, XX ғ. ұлы ойшылдардың философиялық шығармашылығына назар аударайық.

Шәкәрім философиясы мен ағартушылық идеялары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет