Ұлы Абайдың туысы Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж.) - XIX ғ. аяғы - XX ғ. басында өзінің терең де жан-жақты рухани еңбектерімен тарихта қалған, қазақ руханиятында ерекше орны бар ұлы .Ойшыл-философ, тарихшы, ағартушы, ақын. Оның философиялық көзқарастарының қалыптасуына ағасы, тәлім-тәрбие берушісі - Абайдың ықпалы ете зор болды. Өзінің аса дарыңдылығының арқасында Шәкәрім бес жасынан бастап сауатын ашып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін өз бетінше оқып-біліп, соның нәтижесінде Батыс және Шығыс философиясы, әдебиеті мен поэзиясынан сусындап, өзіне тән ерекше дүниеге деген көзқарасын қалыптастырды.
Шәкәрімнің онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны рационалдың діни философияға, нақтылай келе деизм (Құдайды Жаратушы ретінде мойындағанмен, Табиғат әрі қарай өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре береді) бағытына жатқызуға болатын сияқты. Өзінің «Тіршілік, жан туралы» өлеңінде ойшыл Дүние жөнінде былай дейді: «Жаралыс басы қозғалыс,
Қозғауға керек қолқабыс.
«Жан» де, мейлің бір «мән» де,
Сол қуатпен бол таныс.
Әлемді сол мән таратқан,
Қозғалмаса көшпейді,
Көшпеген нәрсе өспейді.
Өспеген нәрсе өзгермес,
Түрден ол түрге тұспейді».
Бұл шумақтан біз бүкіл дамудың қайнар көзі қозғалыста екенін, ол жоқ жерде өсіп-өнудің де жоқ екенін байқаймыз. Бірақ ойшыл сол қозғалыстың өзі бір қуаттың арқасында болатынын айтады. Бұл жерде еріксіз XX ғ. өмір сүрген әйгілі француз діни философы Теяр де Шарденнің дүниенің негізіндегі «тангенциалдық» (физиқалық) және «радиалдық» (психиқалық) энергиялар жөніндегі ойлары есімізге тұседі, өйткені Шәкәрімнің көзқарасы оған өте жақын. Әрі қарай:
«Құс, балық, шаян, көп алуан,
Айуаннан өсіп болдық адам.
Кейіміз есті, кейіміз надан,
Жаралыс салған сондай мән».
АҚЫННЫҢ бұл өлең жолдарынан біз адамның өзі табиғаттың төл туындысы екенін байқаймыз, яғни ол бұл мәселеге жаратылыстану тұрғысынан қараған екен.
«Жанымыз - куннен келген нұрдан,
Тәніміз - топырақ пенен судан.
Күн - атам, анық жер - анам,
Бірі нүр беріп, бірі - тамақ,
Бұзады бірақ қайтадан.
Ер жетем, толам, қайта солам,
Әрі анам - бұл жер, әрі - молам...».
Қандай ғажап ойлар! Күннің сәулесінің арқасында жер бетінде тіршілік дүниеге келді емес пе? Бұл шумақтан біз Шәкәрімнің тіпті деизмнен гөрі пантеизмге (Табиғаттың өзін Құдаймен теңейтін ілім) жақынырақ екенін жорамалдаймыз. Сонымен қатар Бұл дүниеде еш нәрсе де мәңгі емес, өзінің сатыларынан өтіп (ер жетем,толам, солам) өмір сүруін тоқтатады. Бірақ ол ізсіз жоғалып кетпейді, басқа бір денеге, құбылысқа айналады.
«Әлектриядан не шықты,
Істедің талай қызықты!
Дәл озін көрген адам жоқ,
Шын затын оның кім ұқты?
Ісінен білдік барлығын», - дейді ұлы ойшыл. Бұл жолдар, бір жағынан, ақынның өз заманының ғылыми жетістіктерін білгенін көрсетсе, екінші жағынан, оларды түсінуде идеалистік жолға түсіп кетпей, практика, іс-әрекет арқылы оның шындығына жету мүмкіндігі айтылады.
«Күннен неге тұсіп тұр мұнша жарық,
Сегіз минут шерікте жерге барып.
Әншейін құр жарқырап тұрып алмай,
Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып.
Барша әлем тапжылмай тұрып қалса,
Бола ма, уақыт деген өлшеу салып?
Мақсат, тәртіп керексіз тозаңы жоқ,
Достарыңызбен бөлісу: |