Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет90/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

Бірінші сапалар - олар заттардан ешқашанда бөлінбейтін негізгі қасиеттер - созылу, бітім, қозғалыс, тұрақтылық, тығыздық, заттың сандық жақтары т.с.с.
Екінші сапалар - әрқашанда өзгерісте, бір жағынан пайда болып, екінші жағынан жоғалып жатқан заттардың қасиеттері. Оларды біз түйсіктеріміз арқылы ашамыз: түрлі-түсті нәрселерді көзбен көреміз, әртүрлі дыбыстарды құлақпен естиміз, неше түрлі иістерді мұрнымыз арқылы сезінеміз, ащы-тұщыны тіліміз арқылы сезінеміз т.с.с. «Бірінші сапалық идеялар ұқсастықтан туады, ал екіншілер олай емес. Тәттілік, жасылдық, жылылық т.с.с. заттардың өзіндегі белгілі бір бітім, көлем, көрінбейтін бөлшектердің қозғалысы ғана», - дейді ұлы ойшыл. Сонымен екінші сапалар тек адамның өзінде ғана болғанымен, оны тудыртатын соңғы себеп - ол заттардың бірінші қасиеттерінің әртүрлі бір-бірімен қосылуы деген пікірге келеді.
Ал енді тұрпайы идеялардан күрделіге көшетін болсақ, оны Дж.Локк субстанция ұғымы арқылы береді. Ол тұрпайы идеялардың бір-бірімен қосылуынан болады.
Дүниедегі әртүрлі заттарды Дж.Локк эмпириялық, яғни тәжірибеден туатын субстанция дейді. Ол: нан, су, қаз, үйрек, жер, тас т.с.с. Ал философиялық деңгейге көтерілсек, онда ол — материя, рух. Мысалы, біз күнді алатын болсақ, ол дөңгелек, жарық, жылы, өне бойы қозғалыста т.с.с. тұрпайы идеялардың қосындысынан пайда болады. Оның бәрін біз тәжірибе аркылы жинаймыз. Ал бұл тұрпайы идеяларды біріктіретін оның ар жағындағы негіз (support -ағылшын сөзі, негіз) неде деген сұрақка біздің сыртқы және ішкі тәжірибеміз ештеңе айтпайды, - дейді Дж.Локк.
Гносеология саласындағы келесі күрделі мәселе - ол жалпылық. Дүниедегі өмір сүретіннің бәрі - жалқы, жеке, нақты. Жалпы ұғымдарды алатын болсақ, ол ақыл – ойдың әрекетінен пайда болады, заттардың бір-біріне ұқсас касиеттері олардан ой арқылы бөлініп жалпыланады. Қайсыбір тілдегі сөздер арқылы біз жалпылықты көрсетеміз.
Тілдің жалпы азаматтық жэне философиялық жақтары бар. Оның бірінші жағын алып қарасақ, ол нақтылы әлеуметті өмірде қолданылады, адамдар бір-біріне тіл аркылы неше түрлі ақпараттар, өздерінің сезімдерін т.с.с. жеткізеді.
Ал тілдің философиялық мағынасына келер болсақ, онда әрбір ұғымның нақтылы көлемі, мазмұны айқын анықталуы керек. Неше түрлі ғылым саласындағы дау-дамайлар, түсінбеушілік, тілдегі ұғымдардың әртүрлі мағынада қолданылуымен байланысты. Әсіресе ғылымға зор әсерін тигізетін нәрсеге неше түрлі мазмұны тайыз, нақтыланбаған сөздерді ойлап шығарып, оны ғылым саласына кіргізу жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет