447
17.14-
сурет
негізіндегі ЖЖҚ
-
мен салыстырғанда энергияны аз тұтыну және
ақпаратты қуаттауды қысқа мерзімге ажыратқан жағдайда сақтау,
сонымен қатар аппарат құралдарының ұлғайтылған жинағы тән.
ЖЖҚ
-
ң интегралдық схемаларын типтік ұйымдастыру:
4
096 х 1,
яғни
4096
жадтау ұяшығының
әрбірінде бір разрядтан, 16384 х 1,
1024 х 4, 1024 х 8 және т.б.
Тұрақты жадтау құрылғылары
(
ТЖҚ
— ROM, read only
memory)
бір
-
біріне ортогонал екі параллель шиналар жинағы болып
есептеледі. Қиылысқан жерлерінде шиналар өз арасында жартылай
өткізгіш диодтар не өткізгіштер түріндегі қосқыштармен
жалғанады.
Қосқыштардың
бөліктерін
өткізгіштердің
балқымасымен, диодтардың электрлік
ойығымен немесе өндіріс
процесінде тиісті маскалардың көмегімен мақсатты түрде алып
тастау бағдарламалау дегенді, яғни ақпаратты ТЖҚ
-
қа жазу дегенді
білдіреді. Осы себепке орай ТЖҚ маскалық және пайдаланушымен
бағдарламалатын болып бөлінеді. Маскалық ТЖҚ жалпы
қолданыстағы тұрақты ақпаратты,
мысалы математикалық
кестелерді, символдарды, стандартты математикалық түрленімдер
бағдарламаларын және т.б. жазу үшін пайдаланылады.
Пайдаланушымен бағдарламаланатын ТЖҚ
-
та
ақпарат бір рет өз
бетінше жазылуы мүмкін. Саны шектеулі болса да (он ретке дейін),
ақпаратты бірнеше рет өзгертуге жол беретін ТЖҚ да бар. Олардағы
ақпаратты өшіру ультракүлгін сәулелендіру арқылы жүзеге
асырылады.