Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»


НЕГІЗГІ ТҮСІНІК ЖӘНЕ АНЫҚТАМА



Pdf көрінісі
бет22/110
Дата13.03.2023
өлшемі4,68 Mb.
#172057
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   110
Байланысты:
ӨНДІРІСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Эксперименттік бөлім Сандибек
 
НЕГІЗГІ ТҮСІНІК ЖӘНЕ АНЫҚТАМА
 
3.1.1.
 
Процестер 
1-
тарауда көрсетілгендей, өндірістік өмірдің көптеген түрлерінің 
ішінен біз тек материалдарды, бұйымдарды және энергияны 
құрастырумен, жинақтаумен, түрлендірумен және тасымалдаумен 
байланысты нәрселерді ғана қарастырамыз. Айтылған тапсырмалардың 
әрқайсысы белгілі реттегі белгілі операцияларды орындауды талап 
етеді, тек осы жағдайда ғана тапсырма орындалады, яғни, алға 
қойылған мақсатқа қол жетеді. Бұл ретте 
операция
астарынан белгілі 
жабдықпен, белгілі объектінің астарында, белгілі түрде орындалған 
әрекетті түсінетін боламыз. Операция түсінігі анағұрлым кең болуы 
мүмкін немесе анағұрлым тар – ол тәжірибенің


41 
түрлі саладағы орын алған жағдайларға байланысты және тапсырманы 
шешу кезеңдерінің қаншалықты егжей-тегжейлі жазылғандығына 
байланысты. Біз операцияның мазмұнына екпін қоямыз – ол процестің 
құрылымдық бірлігі болып саналады. 
Технологиялық процесс
— 
мақсатқа қол жеткізуге апаратын 
операциялар реті. 
Бутерброд дайындау, бұйымдарды сұрыптау, контейнерлерді тиеу, 
резервуарларды толтыру, заттарды белгіленген температураға дейін 
қыздыру – мұның бәрі технологиялық процестер. 
Кәсіпорындарда процестердің тағы да бір тобы бар, олар
өндіріспен тікелей байланысты емес, бірақ автоматтандыру көзқарасы 
бойынша оларды технологиялық процесс ретінде қарастыруға болады.
Мысалы, бөлшекті тапсырылған температураға дейін қыздыру – 
технологиялық процесс, бірақ дәл осы сияқты қалыпты температураны 
ұстап тұруды өндірістік ғимараттарда қамтамасыз етуге болады.
Дискретті атқарушы механизмдердің жағдайын бақылау (ашу-жабу) – 
технологиялық процестің элементі, бірақ осы қағидамен ғимаратты 
күзету жүйесін ұйымдастыруға болады (тек өндірісте ғана емес, тұрғын 
үйлерде де). 
Бұл мысалдар шығармашылық тәсіл жасау барысында өндірісті 
автоматтандыруды оқу кезінде алған білімімізді өміріміздің барлық 
аймақтарында, сонымен бірге, өндіріске еш қатысы жоқ болса да 
қолдануға болатындығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет