45
Мысалы, атқарушы механизм берілген тапсырмаға қарай
дайындаманы 3мм немесе 5,1 мм немесе 8,2 мм.ге орналастыруы тиіс.
Басқарушы сигналдың мәнін өзгерте отырып, мысалы, электр
кернеуін, біздің қажетті жылжуды қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз
болуы керек. Басқа мысал: бөлшектің берілген температураға дейін
қызуы үшін, біз сәйкес сигнал беру арқылы қажетті температураға
жетуі үшін жылытқыш құрылғыға ықпал жасауымыз керек. Ара
қашықтық та, температура да әртүрлі бола береді ( әрине, белгілі бір
шекте), яғни, оларды беретін басқарушы сигналдар да әртүрлі мәндерге
ие бола алады.
Көпшілік физикалық шамалар кез келген мәнді қабылдай алады.
Егер олар өзгерсе, онда олардың мәні сәл-сәл үлкендеу немесе сәл-сәл
кішірек болуы ықтимал, бұл ретте түрлі мәндерді ажырататын
сәл-сәл
көлемі шексіз. Мұндай шамалар ұқсас шамалар деп аталады. Олар
үздіксіз, яғни, олардың мәні секірумен өзгере алмайды.
Сансыз көп мәнге ие бола алатын шамалар
Достарыңызбен бөлісу: