142
6 тарау
АТҚАРУШЫ МЕХАНИЗМДЕР
Біздің орындауға мүмкіндігіміз бар кез-келген алгаритмнің кез-келген
әрекетін бізге табиғаттан берілген әмбебап құрал — қолмен орындаймыз.
Оған қоса, ережеге сай, құр қолмен емес, бұрама, қалам, балға, яғни, біздің
еңбегімізге әсер ететін қандай да бір жұмыс құралының көмегімен
орындаймыз. Біздің қолдарымыздың қозғалысын ми басқарып, қажет
ақпаратты датчиктер – көзден алады. Қолдар мимен берілген бұйрықты
орындап, және де құралдарды қажетті қозғалысқа келтіреді. Біздің
қолдарымыз – еңбек құралдарына тікелей әсер етуші жұмыс органдарын
(құралдарды) қозғалысқа келтіретін атқарушы механизмдер д еп айтуға
болады.
Техникалық
жүйелерді
қарастырайық.
Сонымен,
датчиктер
технологиялық параметрлер туралы ақпаратты беріп, ЭЕМ оны талдап және
басқару сигналдарын шығарды. Бұл сигналдар атқарушы механизмдерге
беріледі. Олар басқару тізбегіндегі соңғы элементтер болып табылады және
жұмыс (реттеуші) органдарын басқару сигналдарына сәйкес қозғалысқа
келтіреді.
ТТ АБЖ-де жетек деген ұғым бар — бұл басқарушы сигналды
қабылдаудан жұмыс органына әсер еткенге дейін басқарудың толық үрдісін
қамтамасыз ететін элементтер кешені (көбінесе құрылымдық жағынан
біріктірілген болып табылады). Жетек өзіне күшейткіш, байланыстырғыш,
түрлендіргіш, қорғаныс, атқарушы және басқа механизмдерді қамтуы
мүмкін. Біз жетектерді толықтай нақты емес, ал олардың құрамдық
элементтері мен жұмыс істеу қағидаттарын зерттегендіктен, осы
құрылғылардың негізгі қызметтерін білдіретін атқарушы механизмдерді
қарастырамыз.
АТҚАРУШЫ МЕХАНИЗМДЕР ТҮРЛЕРІ
Атқарушы механизмнің қысқашы анықтамасы 3 тарауда берілген
болатын, ТТ АБЖ-ға қатысты оны кең ауқымда беруге болады.
143
Атқарушы механизмдер
—
бұл басқарушы сигналға сәйкес,
технологиялық үрдіске тікелей әсер ететін жұмыс органдарынынң
жылжуын немесе орын ауыстыруын жүзеге асыратын қондырғы.
Жұмыс органдары болып келесі қондырғылар табылуы мүмкін:
шұра, тиек, жапқыш, құралкүймешік, арбалар, реостаттар
жылжытқыштары, қыздырғыштар және т.б.
Жұмыс органдарының қозғалысы келіп түсетін, бұрылмалы
(бұрылу бұрышы — 360° дейін) немесе айналмалы (бұрылу
бұрышы —360° жоғары) болуы мүмкін. Жағдай өзгеруі олардың
қосылуы мен сөндірілуіне, беріліс коэффициентінің өзгеруіне,
реверсивтендіруге (қарама-қарсы бағытқа өзгеруі) және т.б.
байланысты мүмкін.
Атқарушы механизмдер құрамына қажетті статикалық және
динамикалық сипаттамаларды қамтамасыз ететін бірқатар
элементтер мен қондырғылар кіреді. Бұл, мысалы, газ немесе
сұйықтық ағынын басқаратын редуктор және таратқыш қондырғы;
атқарушы қондырғылар — электрлік, пневматикалық немесе гидрав-
ликалық қуатты күшейткіштер; жұмыс органдарынынң жағдайын
білдіретін жағдай датчиктері.
АМ
статикалық
және
динамикалық
сипаттамалары
төмендегілермен анықталады:
■ Сызықтық немесе бұрыштық орын ауыстырудың көлемі немесе
жылдамдығымен;
■ Орын алған кезбен;
■ ақаулармен;
■ сезімталдығымен;
■ тұрақтылығымен.
Жалпы жағдайда қолданылатын энергия түрлері бойынша
атқарушы механизмдерді электрлік, пневматикалық және
гидравликалық деп бөлуге болады.
Электрлік АМ үшін энергия көзі болып, ережеге сай, 220 немесе
380 В кернеулі электр желісі табылады. Алайда көптеген АМ 36 В
немесе тұрақты тоқта 12,24,27 В кернеуде де жұмыс жасай береді
(барлық мүмкін болатын электромагниттік реле, қосқыштар,
электромагниттер, электр қозғалтқыштар және т.б.).
Электрлі АМ жұмыс органдарын қозғалту немесе олардың
энергиясын қосып-өшіру үшін электр энергиясын механикалық
энергияға түрлендіреді.
Пневматикалық
АМ энергия көзі болып әдетте шамамен 6-10
5
Па қысыммен сығылған ауаның зауыттық желісі табылады. Алайда
олардың қуатталуы тек сығылған ауаның келіп түсуін ғана
қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, басқа да газдардың
түрлі қысымда, 10
7
дейінгі қысымда келіп түсуін қамтамасыз ететін
бөлек көздермен жүзеге асырылуы мүмкін.
144
Пневматикалық АМ әдетте, сығылған газ энергиясын жұмыс
органдарының жылжуына арналған механикалық энергияға
түрлендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |