Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»


Есептегіштің ішіндегісі 10-нан төмен болса, әрекеттерді



Pdf көрінісі
бет17/110
Дата13.03.2023
өлшемі4,68 Mb.
#172057
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   110
Байланысты:
ӨНДІРІСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ

Есептегіштің ішіндегісі 10-нан төмен болса, әрекеттерді 
орындау: 
2.
 
Есептегіштің ішіндегісін 1-ге ұлғайту. 
3.
 
Шлангыны резервуардың еніне орналастыру. 
4.
 
Шлангының бұрандасын ашу. 
5.
 
Датчиктің резервуардың толғандығы туралы дабылының бар-
жоғын тексеру. 
6.
 
Дабыл түскен кезде бұранданы жабу.
7.
 
Циклдің соңы. 
Екі алгоритмде де есептеуіштің ішіндегісі 10-ға тең болған кезде 
циклдің қайталау шартын кезекті тексеру кезінде оның енді 
толтырылмайтынын көрсетеді және орындаушы келесі 8-әрекетке 
көшеді (егер ол алгоритмде бар болса). 
Соңғы екі алгоритмде 
Егер көрсеткіш дабылы түссе
шартын 
тексеру нақты қатысады. 
Бұранданы жабу 
кезекті әрекеті тек қана 
«Иә» деген жауапта орындалады, яғни, алгоритмнің бұл бөлігі 
тарамақтанудан тұрады. Біріқ біз циклдердің ұйымдасуын қарап 
жатқандықтан, алгоритмнің бұл бөлігі артық тәтпіштеусіз келтірілген.
2.2.4.
 
Көмекші алгоритмдер 
Біздің күнделікті орындайтын іс-әрекеттіріміздің арасында әртүрлі 
мақсатқа қол жеткізуге бағытталса да, бірдей жасалатын әрекеттер аз 
емес.


25 
Мысалы, біз бірдей әрекет етеміз, нан, кәмпит, кітап, киноға немесе 
поезға билет сатып аламыз.
Біздің кез келген сатып саудамыздың алгоритмі мынадай түрде 
көрінеді: 
1.
 
Әмиянды алу. 
2.
 
Әмияннан ақшаны алу. 
3.
 
Ақшаны сатушыға беру. 
4.
 
Қажет тауарды айту. 
5.
 
Тауарды алу. 
6.
 
Тауарды сөмкеге ( пактке, қалтаға, дорбаға) салу. 
7.
 
Қайтарымды алу. 
8.
 
Қайтарымды әмиянға салу. 
Егер осы әрекеттерді күні бойы алгоритм түрінде баяндаса, онда 
осы сегіз әрекет бірнеше рет қайталануы мүмкін, тек тауардың аты 
өзгереді. Бір күнде жасалған бес сауда күн алгоритміне қырық жол 
қосады. Ал егер сауда он болса, онда жол саны сексенге жетеуі мүмкін 
тіпті дәл осы жолдар күн алгоритмінің ерекше бөлігін құрайтын шығар, 
бірақ олардың ақпарттық құндылығы өте аз, себебі бірізді әрекеттердің 
он рет қайталануы ықтимал.
Бұл жағдайда тұтас күн алгоритмінен сауда алгоритмін бөліп 
қараған ыңғайлы және оны бөлек тақырыппен, мысалы, «Х саудасы» 
деп жазған дұрыс. Сонда күн алгоритмінде әрбір сауда сегіз жолдың 
орнына тек бір жолмен ғана жазылатын болады, тек Х мәні өзгеріп 
отырады (нан, кітап және т.б.).
Бұл алгоритмді бір рет жазып, оны біздің әрекеттерімізді 
сипаттайтын басқа кез келген алгоритмге орналастыруға болады. Бұл 
үшін алгоритм тақырыбын еске түсіру және нақты Х мәнін көрсету 
жеткілікті. 
Екі 
алгоритм 
құрамында 
тұтастай 
және 
қайта-қайта 
пайдаланылатын алгоритмдерді 
көмекші алгоритмдер
деп аталады. 
Көмекші алгоритмдер математикалық тапсырмаларды орындағанда 
өте ыңғайлы. Мысалы, квадрат теңдеуді немесе ЭЕМ көмегімен sin 
x
функциясын шығару әрекеттің ұзын тізбегінен тұрады. Егер осы 
алгоритмдердің әр бөлімін әрдайым тапсырманы шешетін негізгі 
алгоритмде жазып қойса, онда ол тым ұзын болып кетеді. Сондықтан 
sin 
x
есебін көмекші алгоритм түрінде жазған ыңғайлырақ, ал негізгі 
алгоритмде қажетті жерлерінде оған сілтеме жасау керек.
Мұндай сілтемелерді оңтайландыру үшін көмекші алгоритмге оны 
шақыруға мүмкіндік беретін тақырып қою керек. Шақырғаннан кейін, 


26 
көмекші алгоритм орындалып болғанша, негізгі алгоритмнің 
орындалуы тоқтатылады. Бұл ретте көмекші алгоритмге негізгі 
алгоритмнен ақпарат беріледі, оны өңдеу көмекші алгоритмнің міндеті 
болып саналады. Мұндай ақпараттарға, мысалы, sin 
x
есебіндегі 
x
мәні 
немесе сауда жасау барысындағы тауардың аты жатады. Көмекші 
алгоритмнің нәтижесі негізгі алгоритмге беріледі. 
Мысалы, түрлі бұйымдарды жасау барысында жылу беруші 
элементтің көмегімен қажетті температураға дейін бір бөлшектің не 
заттың қызу операциясының орындалуы. Бұл температураны t деп 
белгілейміз, ал қыздыру алгоритмін «t-ға дейін қызу» деп аламыз. Ол 
келесі түрде берілуі мүмкін: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет