55
Сұйықтық деңгейі ұқсас шама болғандықтын, ол кез келген бола
алады, соған сәйкес «сұйықтық деңгейі» бақылау параметрінің мәні де
кез келген бола алады (резервуар биіктігі шегінді). Сонымен бірге
сұйықтық қысымы мен оның температурасы да кез келген бола алады.
Сансыз көп мәндері бар параметрлер, жоғарыда айтылып кеткендей,
ұқсас параметрлер деп аталады.
Бірақ бақыланбалы параметрлердің арасында бір не бірнеше мәні
бар параметрлер де бар және олар жоғарыда көрсетілгендей, дискретті
деп аталады. Мысалы, «қалпақша күйі» параметрі екі мәнді білдіруі
мүмкін: «ашу» және «жабу»; «резервуар номері» параметрі тек 1ден
10ға дейінгі тұтас мәнді иелене алады, ал «резервуардың толып кетуі»
параметрі тек «иә» немесе «жоқ» мәндеріне ие. Бұл ақпарат сәйкес
дискретті датчиктерден түседі..
Сонымен, автоматты бақылау жүйесі төмендегілерді қамтамасыз
етеді:
■
технологиялық процестердің бақыланбалы дискреттік және ұқсас
шамаларының мәні туралы ақпарат жинау;
■
бұл ақпараттың параметрлердің наминалды мән диапазоны шегінен
шығуы және параметрдің шектік мәнінен артуының сараптамасы;
■
параметр мәндері жайлы ақпаратты ЭЕМ бетіндегі операторға
немесе өзіне ыңғайлы түрде арнайы таблоға ұсыну (сызба, кесте,
диаграмма және т.б. түрінде).
Достарыңызбен бөлісу: