58
Бұл ретте,
ережеге сәйкес, ақпарат операторға тиісті түспен беріледі.
Егер параметр регламентті шекарада орналасса, онда оның мәні
диаграмма мен мнемосызбада жасыл түсте
көрінеді; егер номиналды
мән диапозоны шегінен тыс болса, онда сары түспен;
егер параметр
шекті мәннен асып кетсе, онда қызыл түспен беріледі.
Егер бақылау процесінде қандай да бір параметрдің номиналды мән
диапазонынан тыс екендігі анықталса, онда бұл туралы хабарлама
ЭЕМ жадына сақталады: датчиктің нөмірі немесе шифрі, өту уақыты,
параметрдің нақты мәні және оның нормадан ауытқуы көрсетіледі.
Одан кейін
«Шектік мән асырылды ма?»
шарты тексеріледі. Оң жауап
болған жағдайда оператор дисплейінде
апаттық жағдай туралы
хабарлама беріледі, оны экранның арнайы терезесіне орналастырады
(ережеге сәйкес қызыл фонда) және басқа да хабарландыру түрінде
қайталанылуы мүмкін.
Егер шектік мән артпаса, онда жүйе келесі
датчиктің сауалнамасына көшеді, параметрдің
диапазон шегінен
шыққандығы туралы ақпарат барлық датчиктер сұралып болған соң
операторға хабарланады, бұл жайлы жоғарыда айтылған.
Барлық датчиктерді сұрап болған соң, техникалық параметрлердің
бақылау процесі аяқталуы мүмкін немесе бірнеше уақыттан соң не
бірден қайталануы да мүмкін.
Ұқсас алгоритм бойынша техникалық жабдықтардың күйін
автоматты диагностикалау жүйесі жұмыс жасайды.
Диагностика
жабдықтың жұмысқа дайындығын тексеруге қатты ұқсайды, бірақ
оның мақсаты тек қана технологиялық процесті бастау мүмкіндігін
анықтау емес, жабдықтардың жақын
болашақтағы жұмыс жасау
қабілетін болжау да.
Жабдықтардың түрлі нүктелерінде орналастырылған датчиктер
ЭЕМ-ға тозу кезінде немесе сыртқы әсердің салдарынан өзгеретін
параметрлер туралы ақпаратты береді.
ЭЕМ бұл параметрлердің
өзгерісін қадағалайды, жабдық жұмысындағы жол беруге болмайтын
ауытқулардың болу мүмкіндігінің уақытын есептейді және бұл жайлы
операторға хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: