293
Астигматизм кезінде көздің қабығы сферикалық дұрыс қалпынан
ауытқып, не ұзынына не көлденеңіне қарай қисаяды. Соның
салдарынан көру бұлдырлап анық болмайды. Астигматизмнің
бірнеше түрлері болады. Тұрақсыз ( жүйесіз) астигматизм – бұл
жұмсақ түйіспелі линзалар мен көзілдірік кию арқылы қалпына
келтіру мүмкін емес, негізінен ол жүре пайда болған кесел.
Тұрақты астигматизм - бұл негізінен туа пайда болған кесел,
оны көзілдірік кию арқылы түзетуге болады.
Атеросклероз
(грек. athrа — ботқа және sklrsіs — қатаю) —
қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып,
түйін тәрізді шоғырланып қалуы. Холестерин сіңіп қалған орын
бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған
түйінге айналады. Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры —
қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның
жұқарған жерлері қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа
органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды. Әйелдерге
қарағанда бұл ауру түрімен ер адамдар көп ауырады. Аурудың
дамуында тұқым қуалайтын бейімділігі, сондай-ақ организмнің
жеке ерекшеліктері маңызды. Атеросклероз салдарынан
қант диабеті, семіздік, дене белсенділігінің төмендігі, психо-
эмоционалды
артықшылығы, т.б. ұшырау мүмкін.
Аутогенді жаттығу
(грек. autos— өзім и genes — тұқым) —
пациенттерді бұлшықеттік релаксацияға, өз-өзіне сендіруге,
назарды дамытуға бағытталған психотерапевтік емдеу әдісі.
Ол неміс ғалымы И.Шульцпен (1956 жылы жарық көрген)
ұсынылған. Науқас ағзасына жылулық сезімін тудыру, аяқ-
қолды релаксациялау, тыныштықты сезіну арқылы емдеудің
қолайлы нәтижесі.
Бейсбол
(ағылшынша baseball, base – негіз, ball – доп ) –
таяқша мен доп арқылы ойналатын спорттық командалық
ойын түрі. Әр ойында екі команда ойнайды. Олар шабуыл
мен қорғаныста кезекпен ойнайды. Қожайын команда
ойынның басында қорғаныста, ал қонақ команда шабуылда
ойнайды. Қорғаныстағы команда ойыншылары алаңға шығып,
шабуылдаушы командаға ұпай жинауға тосқауыл болады. Ойын
тегіс, төртбұрышты көгалды алаңда өткізіледі. Әр команда
құрамында 9 ойыншы болады.
Биологиялық ырғақ
—
тірі ағзалардағы биологиялық
процестер мен құбылыстардың сипаты мен қарқындылығын
кезең-кезеңмен өзгеруі.
Бодибилдинг
Достарыңызбен бөлісу: