6 Осы тарау барысында білетін боласыздар: ■
дене тәрбиесiнің адам өмiрiндегі рөлі;
■
дене тәрбиесі мен спорттың пайда болуы және дамуы;
■
дене тәрбиесінің мақсаты, міндеті және құралдары.
"Дене тәрбиесі" пәнінің маңызын барлығы түсінеді, алай
-
да кез келген адам жеке қозғалыс белсенділігіне ерекше мән
беріп, оны өмір сүру салтының міндетті бөлігі ретінде қара
-
стырмайды.
Өз денсаулығына мән бермеудің басты себебі – адам
-
ның өзінің салауатты өмір салтының бағдарламасын іздеуге
бағытталатын ішкі ынтасының жеткіліксіздігі.
Тағы бір теріс әсер ететін жағдай – өз денсаулығын нығай
-
ту үшін салауатты өмір сүру салтын ұстанбау.
Келесі себеп – балабақшада, мектепте, басқа да ұйымдар
-
да дене тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы.
Тағы бір есте сақтайтын нәрсе, адамның өз денсаулығына
деген көзқарасы көп жағдайларда қоғамның ықпалы арқылы
қалыптасады, яғни қоғам құндылықтың белгілі бер межесін