27
■
тараптармен белгіленген басқа мәселелер.
Ұжымдық шартта, жұмыс берушінің қаржы-экономикалық
жағдайын ескере отырып, қызметкерлер үшін заңдарда, басқа
нормативтік құқықтық актілер, келісімдерде белгіленген еңбек
шарттарынан әлдеқайда ұтымды еңбек жағдайлары, жеңілдіктер
мен басымдықтар белгіленуі мүмкін.
Ұжымдық шартты жасасу процесінде, өз кезегінде, ұжымдық
шарттың
үлгісін
әзірлеген
Ресей
Еңбек
министрлігінің
ұсынымдарын ескеруге болады. Бұл үлгі Ресей Еңбек
министрлігінің 06.11.2003 жылғы Хатымен бекітілген. Берілген үлгі
ұжымдық шарттарға барынша жиі қосылатын бөлімдердің тізбесін,
сондай-ақ оларға түрлі қосымшалардың тізбесін ұсынады.
Ұжымдық шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады және
оған қол қойылған күннен немесе ұжымдық шартта белгіленген
күннен бастап күшіне енеді. РФ ЕК 43-бабына сәйкес, тараптар
ұжымдық шарттың қолданысын үш жылдан аспайтын мерзімге
ұзарта алады. Сонымен қатар, РФ Еңбек кодексінде бұндай
ұзартулардың санына шектеу қойылмаған.
Ұйымның атауы өзгерген, сондай-ақ ұйым өзгеру нысанымен
қайта құрылған жағдайда, ұжымдық шарттың қолданысы
сақталады. Бұл жағдайда РФ Еңбек кодексінің 43-бабына сәйкес,
тараптардың бірі екінші тарапқа жаңа ұжымдық шарт жасауға
немесе қолданыстағы ұжымдық шарттың әрекет ету мерзімін үш
жылға дейінгі мерзімге ұзартуға ұсыныс жолдай алады.
Достарыңызбен бөлісу: