Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет22/80
Дата08.09.2024
өлшемі3,2 Mb.
#203944
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80
Байланысты:
Груманова-Компьютерлік-технология-саласындағы-техни-қауірсіздік-және-еңбекті-қорғау.

ультракүлгін сəулеленудің 
жасанды көздері болып 
табылады. Толқыны 0,32 мкм төмен ультракүлгін сәулелену көз 
торшасына теріс ықпал етеді. Адам көзінің ауырғанын және құм 
әсерін сезінеді. Ауру көздің сулануымен айшықталады, көздің 
шыны айнасы зақымдануы және сәуледен қорқыныш дамуы 
мүмкін. Көзге ультракүлгін сәуле ықпалы тоқтағаннан кейін, 
сәуледен қорқыныш симптомдары әдетте екі-үш күннен кейін өтеді. 
 3.2. 
ӨНДІРІСТІК шу
Техникалық прогресс дәуірінде бізді машиналар, құрылғылар, 
телефондар және желдету жүйелері айнала қоршайды. Біз осындай 
техносферада болу арқылы өз денсаулығымызға қандай зиян 
келтіретініміз жайлы ойлана бермейміз. Өндірістік шу ортада ретсіз 
ауысатын және адамның қажуын туындататын түрлі қарқындағы 


49 
және жиіліктегі дыбыстар жиынтығымен сипатталады. 
Мысалы, қатты шу түс дабылдарын тануда қиындықтар 
туғызады, түсті қабылдау жылдамдығын, көз қырағылығын, көз 
бейімделуін төмендетеді, физуалдық ақпаратты қабылдауды бұзады 
және еңбек өнімділігін 5... 12%-ға азайтады. Қызметкерлерді меди- 
циналық зерттеу еңбек өнімділігін төмендетуден басқа шудың 
жоғары деңгейі есту қабілетінің нашарлауына әкеп соғады; уақыт 
өте келе кәсіби ауру – кереңдік дамиды. 
Есептеу техникасымен жабдықталған жайлардағы принтерлер, 
плоттерлер, көбейту техникасы және ауаны кондиционерлеу 
жабдығы, салқындату жүйелері желдеткіштері, трансформаторлар 
шудың негізгі көздері болып табылады. 
Өндірістегі шумен күрес кешенді түрде жүргізіледі және 
технологиялық, санитарлық-техникалық, емдеу-профилактикалық 
сипаттағы шаралардан тұрады. Жайлардағы шу мен вибрацияны 
төмендету 
үшін 
аппараттарды 
нормативтік 
құжаттармен 
қарастырылған арнайы тұғырларға және амортизациялық 
кілемшелерге орналастыру қажет. Одан өзге, «шулы» оргтехника 
орналастырылатын жайларды әрлеу барысында дыбыс жұтқыш 
материалдар пайдаланылуы тиіс. 
Дыбысты оқшаулау 
— бұл дыбыс толқындарын үстіңгі 
беттерден қайтару процесі. Бұл жағдайда «тығыз» материалдарды 
(мысалы, кірпіш) қолданған тиімді болады. 
Егер қайтару сапасы бойынша салыстыратын болсақ, онда 
кірпіш қабырға бетон қабырғадан жақсы. Пенополистерол секілді 
жеңіл материалдар да қорғамайды, өйткені дыбыстың соғылыс 
толқыны ондай панельді оңай «жеңеді». 
Шудан қорғаудың мынадай құрылыстық-акустикалық әдістері 
бар: 

терезе, есіктердің жабындыларын нығыздау жолымен қоршау
конструкциялары дыбысын оқшауландыру;

персонал үшін дыбыстан оқшауланған кабиналар орнату;

жайлардағы шудың тарау жолына дыбыс жұтатын құрылғылар
мен экрандар орнату;

адамдар болатын түрлі орындарда шудан қорғау
аймақтарын жасау, жасыл өскіндерді пайдалану.
2.2.2
/2.4.1340-03 СанЕжН сәйкес, жұмыс орындарындағы шудың 
деңгейі 50 дБА аспауы тиіс. Шуды өлшеу жабдықтың үстіңгі 
бетінен 50 см арақашықтықта және дыбыс көзі орналасқан 
биіктікте жүргізілуі тиіс. 
Бұдан әрі ДЭЕС шығаратын дыбыс деңгейі мен жиіліктердің 
октавалық жолақтарындағы дыбыс қысымы деңгейлерінің мүмкін 
мәндері келтірілген. 


50 
Ортагеометриялық
жиіліктері бар октавалық 
31,5 
63 
125 
250 
500 
Дыбыс қысымының 
деңгейлері, дБ 
86 
71 
61 
54 
49 
Ортагеометриялық 
Октавалық жолақтар, Гц 
1 000 
2 000 4 000 
8 000 
Дыбыс қысымының 
деңгейлері, дБ 
45 
42 
40 
38 
Шулы жабдық (баспа құрылғылары серверлер) дыбыс 
деңгейлері нормативтік деңгейден асатыны, ДЭСМ жайларынан 
тыс орналастырылуы тиіс. 
Жұмыс үшін тағы да бір жағымсыз фактор вибрация (діріл) 
болып табылады. Қандай да болмасын дененің тепе-теңдік 
жағдайынан кезеңмен ауысуы, сондай-ақ дене қалпының 
статикалық жағдайдағы күйінен кезеңмен өзгеруі барысында пайда 
болатын күрделі шайқалу процесі 
вибрация 
деп түсіндіріледі. 
Мысалы, матрицалық принтер жұмыс барысында вибрация жасауы 
мүмкін. 
Тербелістер қарқындылығы және олардың әсерінің ұлғаюы 
жұмыс істеп отырған адамның ағзасында өзгерістер туындатады. 
Бұл өзгерістер (орталық жүйке және жүрек-тамыр жүйелерінің 
өзгерістеріне, бас ауыруы пайда болуына, жоғары әсерленгіштікке, 
жұмыс 
қабілетінің 
төмендеуіне, 
вестибулярлық 
аппарат 
бұзылуына) кәсіпкерлік науқастылыққа — вибрациялық ауруға 
әкеп соқтыруы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет