48
мкм)барынша жоғары, ол адам терісіне бірнеше сантиметр
тереңдікке өтеді. Ұзын толқынды диапозонды инфрақызыл
сәулелер (9.420 мкм) терінің жоғарғы қабаттарында бөгеліп қалады.
Ұзын толқынды сәулелену барысында дененің бүкіл үстіңгі
қабатының температурасы көтеріледі, ал қысқа толқындыда —
өкпе, бастың мыйы, бүйректің температурасы өзгереді.
Ми терісіне ықпал ете отырып, қысқа толқынды сәуле «күн
соққысын» туындатады. Бұл жағдайда адам бас ауруын, бастың
айналуын, тыныс және дем жиілінеуін, көз қарауытуын сезінеді,
қозғалыс үйлесімі бұзылады, есінен тануы да мүмкін. Көзге ықпал
еткен жағдайда қысқа толқынды сәуленің қауіпі басым.
Инфрақызыл сәулелену қауіпін төмендетуге бағытталған негізгі
шаралар мыналардан тұрады:
1)
жұмыс орнын немесе сәулелену көзін қорғанысты экрандау
(металл торшалардан экран жасау);
2)
жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (көз және бетті қорғау
үшін сәулефильтрлі қалқаншалар мен көзілдіріктер пайдалану,
дененің үстіңгі қабатын зығырдан жәні жартылай зығырдан
жасалған қанықтырылған арнаулы киіммен қорғау);
3)
емдеу-профилактикалық шаралар (еңбек пен демалыстың
тиімді режимін ұйымдастыру, кезеңдік медициналық тексерулер
ұйымдастыру және т.б.).
Лазерлер
Достарыңызбен бөлісу: