39
бұзғаны үшін кім және қандай жауапкершілікте болатыны:
■
РФ Еңбек кодексінде;
■
РФ Азаматтық кодексінде;
■
РФ Қылмыстық кодексінде және т.б. баяндалған.
Олардың функциялары қалай шектелетінін қарастырайық.
РФ Еңбек кодексі еңбек құқығының құқықтық нормаларынан
тұрады.
РФ Азаматтық кодексі қызметкерге жазатайым жағдаймен және
кәсіптік аурумен тигізілген зиянды өтеу мәселелерін қарастырады.
РФ Қылмыстық кодексі заңдарды сақтамағаны үшін жаза
мөлшерін белгілейді.
РФ Еңбек кодексінің 225-бабына сәйкес,
кәсіпорынның
басшыларды қоса алғандағы барлық қызметкерлері жұмыстар мен
мамандықтардың нақты түрлері үшін белгіленген тәртіппен және
мерзімде еңбекті қорғау жөніндегі ережелер, нормалар және
нұсқауларды оқу, нұсқау, білімді тексеруден өтулері тиіс.
Еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық
және басқа нормативтік
және құқықтық актілерді бұзғаны үшін жұмыс беруші мен
қызметкерлер заңнамамен белгіленген және ұжымдық шартпен
қабылданған:
■
тәртіптік;
■
әкімшілік;
■
материалдық;
■
қылмыстық жауапкершілікке тартылады..
Қызметкердің оған жүктелген еңбек міндеттерін орындамағаны
және тиісті орындамағаны үшін жұмыс беруші оған: ескерту, сөгіс,
жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаларды қолдануы мүмкін
(РФЕК 192-бабының негізінде).
Еңбекті қорғау ережелерін бұзу үшін қылмыстық жаза да
қарастырылған. РФ Қылмыстық кодексінің 143-бабына сәйкес, оған
бұл ережелерді сақтау жөніндегі міндет жүктелген
тұлғаның
еңбекті қорғау ережелерін бұзуы абайсызда адам денсаулығына
ауыр зиян келтіргенде, ол:
■
200000 руб . дейінгі сомада айыппұлмен немесе жазаланған
адамның 18 айға дейінгі кезеңдегі жалақысының мөлшерімен;
■
екі жылға дейінгі мерзімге түзету жұмыстарымен;
■
бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
30.12.2001 жылғы РФ Əкімшілік
құқық бұзушылықтар туралы
кодексінің (РФ ƏҚБ Ко) «Еңбек туралы және Еңбекті қорғау туралы
заңнаманы бұзу» 5.27-бабында еңбек туралы және еңбекті қорғау
туралы заңнаманы бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға 1 000-нан
— 5 000 руб. дейінгі мөлшерде әкімшілік айыппұл салу жолымен
40
жауапкершілік қарастырылған. Ұқсас әкімшілік құқық бұзғаны
үшін бұрын әкімшілік жазаға тартылған
тұлғаның еңбек туралы
және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзуы бір жылдан үш жылға
дейінгі мерзімге біліктілігінен айыруға әкеп соқтырады.
Ресей Федерациясы Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
кодексі (РФ ƏҚБ Ко) 5.27-бабының 1-бөлігінде еңбекті қорғау
талаптарын бұзғаны салдарынан ұйымның немесе оның
құрылымдық бөлімшесінің қызметін
әкімшілік тоқтата тұру
қарастырылған. Ұйымды тарату немесе оның құрылымдық
бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешімді еңбек жағдайларын
мемлекеттік сараптау органының қорытындысы болған жағдайда,
еңбекті қорғау мәселелерін басқаратын орындаушылық билік
органы
басшысының, немесе федералдық еңбек инспекциясы
жетекшілерінің және оның аумақтық органдарының талабы
бойынша сот қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: