Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет14/80
Дата08.09.2024
өлшемі3,2 Mb.
#203944
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80
Байланысты:
Груманова-Компьютерлік-технология-саласындағы-техни-қауірсіздік-және-еңбекті-қорғау.

33 
ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ 
2.7. 
АТТЕСТАЦИЯСЫ 
Алдында айтылғандай, РФ Еңбек кодексінің 42-бабында жұмыс 
орындарын аттестациялау қарастырылған. 
Еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау 
– сауықтыру 
шараларын 
өткізу, 
өндіріс 
объектілерін 
сертификаттау, 
қызметкерлерді еңбек жағдайларымен таныстыру, ауыр жұмыстар 
мен еңбек жағдайы зиян және қауіпті жұмыстарды істейтін 
қызметкерлерге жеңілдіктер мен өтемақыны беру құқығын растау 
немесе күшін жою үшін жұмыс орындарын талдау және бағалау 
жүйесі. 
Ресей федерациясы Əлеуметтік даму министрлігінің 26.04.2011 
жылғы №342 бұйрығының қосымшасына сәйкес, жұмыс 
орындарын аттестациялаудың келесі ережелері белгіленген: 
«...аттестацияны азаматтық құқықтық келісім-шарт негізінде 
аттестациялау жөніндегі жұмыстарды өткізу үшін жұмыс беруші 
тартқан аттестациялайтын ұйым мен жұмыс беруші бірігіп 
өткізеді». 
Тексеру процесі барысында «еңбек жағдайларының еңбекті 
қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарына сәйкестігіне 
келесі көрсеткіштер бойынша баға беріледі: 
1)
еңбек жағдайларының гигиеналық нормативтерге сәйкестігін
бағалау; 
2)
жұмыс орындарындағы жарақаттану қаупін бағалау;
3)
қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз
етілуін бағалау; 
4)
жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешенді
бағалау. 
Еңбек жағдайлары үш класқа бөлінеді: 

бірінші класс – оңтайлы еңбек жағдайлары, яғни зиянды
факторлардың болмауы;

екінші класс – ұйғарымды еңбек жағдайлары, яғни зиянды
факторлар бар, бірақ олар КМШ (концентрацияның мүмкін шегі) 
мен БМД (болуы мүмкін деңгей) рұқсат етілген нормаларынан 
аспайды.

үшінші класс – ауыр еңбек жағдайлары, яғни зиянды
факторлар бар және олар рұқсат етілген нормалардан (КМШ және 
БМД) анағұрлым асады.
Еңбек шарттарының үшінші класы рұқсат етілген санитарлық 
нормалардан асуына байланысты, үш ауытқу деңгейіне бөлінген. 
Тексеру нәтижелері бойынша хаттамалар жасалады және еңбек 
жағдайлары еңбек қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарына 


34 
сәйкес болуына бағытталған шаралар әзірленеді. Дербес жұмыс 
орнының әрбір факторы немесе факторлар тобы бойынша өлшеу 
және бағалау хаттамалары ресімделеді, олар жұмыс орнын еңбек 
жағдайлары бойынша аттестациялау картасының ажырамас бөлігі 
болып табылады. 
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болған жағдайда, 
қысқартылған жұмыс уақыты, қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек 
демалысы, көтеріңкі еңбекақы төлеу белгіленеді. 
Тексеру нәтижелері, еңбек жағдайлары, денсаулыққа зақым 
келуі мүмкін қатер, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік 
факторлардан қорғану бойынша шаралар және ауыр жұмыстарда, 
еңбек жағдайы зиянды (немесе) қауіпті және басқа да ерекше еңбек 
жағдайлары бар жұмыстарды істейтін қызметкерлерге тиесілі 
өтемақылар туралы ақпарат міндетті түрде қызметкерлердің 
назарына жеткізілуі тиіс. 
Аттестация өткізілгеннен кейін, аттестацияның аяқталғаны 
туралы бұйрық шыққан күннен және аттестация туралы есеп қағаз 
және электронды тасымалдаушыларда бекітілген күннен бастап 10 
күнтізбелік күн ішінде жұмыс беруші еңбек шарттары бойынша 
жұмыс 
орындарын 
атестаттау 
қортындысының 
жиынтық 
тізімдемесін, сондай-ақ аттестациялаған ұйым туралы мәліметті 
Ресей 
Федерациясы 
субъектісіндегі 
мемлекеттік 
еңбек 
инспекциясына жолдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет