113
қалыптасуында
негiзгi
қызметтi
шеткерi
механизмдер,
яғни
Т-
супрессорлар атқарады деп есептелiндi. Олар аутореактивтi лимфоциттер
клонының пролиферациясы мен дифференцировкасын тежейдi деп
саналған.
Аллергиялық және аутоиммундық
аурулардың пайда болуында Т-
супрессорлардың жетiспеушiлiгiне басты рөл берiлген. Т-супрессорлардың
реттегiш қызметiнiң бұзылуы лимфоциттердiң белгiлi бiр клонының шамадан
тыс пролиферациясына және гиперэргиялық иммундық жауаптың дамуына
әкеледi деп есептелген. Бұл жағдай клиникада әртүрлi
аллергиялық серпiлiстер
түрiнде көрiнедi. Ал табиғи төзiмдiлiктiң бұзылуына әкелетiн Т-супрессорлардың
жетiспеушiлiгi аутоиммундық аурулардың пайда болуының негiзгi себебi ретiнде
қаралды. Аллергиялық және аутоиммундық аурулармен ауыратын науқастарда
CD8+ жасушалардың саны төмен болатыны және
хелперлi/супрессорлы индекстiң
(CD4+/CD8+)
немесе
иммундық реттегiш индекстiң
жоғарылайтыны
бiрнеше
рет көрсетiлген.
Көптеген эксперименталды және клиникалық зерттеулер нәтижесiнде
супрессорлар субпопуляциясының түзiлуiнiң негiзгi ерекшелiктерi келесiдей
тұжырымдалды:
Т-супрессорлардың iзашарлардан түзiлуi антигенмен әсерлесуi арқылы жүзеге
асады, әдетте МНС нәруыздарымен ассоциациясынан тәуелсiз.
Меншiктi нативтi аутоантигендер аутореттегiш Т-супрессорлардың түзiлуiн
ынталандыра алуы мүмкiн.
Экзоантигендер организмде иммуногендi емес түрде немесе өте төмен, немесе
жоғары концентрацияда болса, Т-супрессорлардың арнайы белсенуiн шақыра алуы
мүмкiн.
Антигендi анықтағаннан кейiн жетiлген Т-супрессорлар иммундық жауаптың
дамуына тiкелей жасушааралық әрекеттесу жолы арқылы немесе супрессорлық
факторлар көмегiмен әсер етуi мүмкiн. Кейбiр супрессорлы факторларда
эпитопты арнайылық болады. Супрессорлы факторлардың
негiзгi әсер ету
механизмi - белгiлi бiр антигенге қарсы иммундық жауапты жүзеге асыратын
жасуша пролиферациясын тежеу.
Т-супрессорлардың белсенуi үшiн антигеннiң макрофагпен таныстырылуы
керек емес. Макрофагтар болмаған кезде антигендер тiкелей Т-супрессорлардың
белсенуiн шақыруға қабiлеттi.
Супрессорлы жасушалардың аталған ерекшелiктерi әлi толық
түсiнiктеме бермесе де, қазiргi кезде ғылыми факт болып табылады. Бiрақ
оны түсiндiру соңғы кезде бiршама өзгердi. Себебi 80-шi жылдардың аяғы
мен
90-шы
жылдардың
басында
иммунологияда
молекулярлы-
генетикалық, молекулярлы-биологиялық және
гендi-инженерлiк әдiстер
өте кеңiнен қолданды. Аталған әдiстердiң көмегiмен иммундық жауаптың
жаңа медиаторлары - цитокиндер, сондай-ақ оларға арналған рецепторлар
ашылды және зерттелдi. Соңғы жылдары әртүрлi моноклонды антиденелер
мен
рекомбинантты
цитокиндердiң
өте
көп
мөлшерi
алынды.
Лимфоциттердi клондау техникасы дамыды
және молекулярлы зондтар
кеңiнен
қолдана
бастады.
Олардың
көмегiмен
цитокиндердiң,
рецепторлардың, МНС нәруыздарының және т.б. өндiрiлуiн қадағалайтын
гендердiң экспрессиясын анықтауға болады. Иммунология аумағындағы
жаңа ақпараттар 90-шы жылдардың екiншi жартысында экспоненциалды
сипат алды.