Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


қатерлi iсiк жасушалары генетикалық құрылым



Pdf көрінісі
бет152/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

қатерлi iсiк жасушалары генетикалық құрылым 
жағынан 
сау 
жасушалардан 
айырмашылығы 
шамалы.
Ол 
айырмашылықтар онша бiлiнбеуi мүмкiн, бiрақ олар бар. Iсiктiң осындай 
маңызды мiнездемесi 
iсiкке қарсы арналған емнiң арнайы
тәсiлiне әкеледi. 
Бұл 
мәселенi 
шешуге 
және 
түсiнуге 
әкелетiн 
қадамдарды, 
қиыншылықтарды түсiну үшiн қатерлi iсiк дамуындағы иммунологиялық 
өзгерiстерге тоқталу қажет. 
Iсiк жасушаларының антигендiк құрамы
Өзiнiң антигендiк құрамы жағынан iсiк тiндерi мен сау тiндер тек сан 
жағынан ғана емес, сонымен қатар, сапасы жағынан айырмашылығы бар. 
Адамда кездесетiн қатерлi iсiктерде ерекше антигендердiң болуын алғаш 
рет тәжiрибе жүзiнде Л.А. Зильбер ашқан. Кейiн ол көптеген тәжiрибе 
және клиникалық зерттеу кезiнде дәлелдендi. Ол антигендер iсiкке 
байланысты болып, соған сәйкестiк бiлдiредi, мұндай өзгерiстер сау 
тiндерде жоқ немесе өте аз мөлшерде кездеседi. 
Iсiк антигендерiнiң генетикалық құрылысы iшкi немесе сыртқы 
болады. Iсiк антигендерiнiң 
сыртқы 
генетикалық құрылысы жасушаға 
сырттан енгiзiлген өзгерiстердiң енуiне байланысты (
онкогендi вируспен 
жұқтырылғанда
). Бұл кезде бөгде генетикалық бағдарлама жасушада 
вирус антигенiнiң (типтiк және топтық ерекшелiгi) және вирусты емес 
антигеннiң 
әсерiнен 
пайда 
болады. 
Оларға 
iсiк 
ядросы 
мен 
цитоплазмасының 
антигендерi 
және 
беткей 
iсiкерекшелi 
трансплантациялық (ОСТА) антигендерi
жатады.
Iшкi
себептермен шақырылған iсiкерекшелiк антигендердiң пайда 
болуы тұқымқуалаушылыққа байланысты, 
тiк тасымалдау арқылы вирус 
онкогенiнiң геномға енуi немесе жасуша бөлiнуiн қадағалаушы гендердiң 
онкогендер, iсiк тежеушi гендер
(өсу факторларына арналған рецепторлар 
түзiлуiн қадағалаушы және пролиферацияны кедергiлейтiн фактор, т. б.) 
мутантты түрлерiмен байланысты болуы мүмкiн. Сонымен қатар, 
iсiкерекшелi антигендер пайда болуы 
осы топ гендерiнiң
обыр туғызушы 
әсерiмен 
өзгеруге
де байланысты болуы мүмкiн, себебi олар адам өмiрiнде 
үнемi түзiлiп тұрады.
Қатерлену кезiнде жасушалардың аз немесе үлкен мөлшерде табиғи 
қызметтерi кемидi және олар әлсiз дамыған жасушаларға айналады. Бұл 
үрдiс
 сау тiндерге саты ерекшелк антигендердiң жойылуына
алып
 
келедi. 


163 
Осымен бiрге, әдетте эмбрион кезеңде болатын гендер белсендiлiгi 
арқасында, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет