168
Ісікке қарсы иммунитетте маңызды рөлі
Т-лимфоциттерге,
макрафагтарға,
NK-жасушаларға
арттырылған
(24-ші
сур.).
Т-
лимфоциттердің ішінде ісік жасушаларына қарсы арнайы цитотоксикалық
қызметтi Тх
1
және Т-киллерлер атқарады.
Тх
1
ісік
антигенін
ІІ
класс
МНС
антигендерiмен
бiрге,
антигентаныстырушы жасуша (АТЖ) бетінен танып, белсенеді де
цитокиндер түзедi, олардың көмегімен ісікке қарсы иммуниттетің бірқатар
механизмдері қосылады. Сөйтіп, Тх
1
түзетiн ИЛ-2 аутокриндi түрiнде Тх
1
-
дiң қосымша көбеюін күшейтеді, бұл жағдай арқылы иммунды жауаптың
күшi жоғарлайды. Сонымен қатар, ИЛ-2 IFN-
-мен бірге, ісікерекшелi Т-
киллерлер бөлiнуi мен дамуын шақырады.
Т-киллерлер
ісікерекшелi антигендерді І класс МНС белоктарымен
бiрге танып, белсенеді және
ісік жасушаларына цитотоксикалық әсер
көрсететін
гранулалы жасушалар бірқатар цитокиндердi түзеді. Ол
цитокиндер: перфорин, лимфотоксин (басқаша ісіктi өлтiрушi фактор-
ТNF-
) және фрагментиндер.
Перфорин
– бұл төмен молекулалы белок, нысана-жасуша
мембранасында полимерленiп, оған су, электролиттер өте алатын
трансмембраналық өзектердi түзеді. TNF-
, ісік өлтiрушi фактор-альфа
тәрізді, Fas-белогымен (CD95) ісік жасуша бетінде қосылып, жасушаның
ДНК бөлiнуiне, яғни апоптозға (бағдарланған жасушаның “өзін өзі” жоюы
- өлуi) әкелетiн ферментативті серпілістерді қосады. Сондықтан, TNF-
және TNF-
– Fas-лигандтар тобына, яғни апоптоз шақырушы факторларға
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: