191
Сұрақтың
тарихы.
Тұрақтамаудың
иммунологиялық
табиғатының эксперименталды дәлелдерi
Иммунологияда қолданатын
т р а н с п л а н т а ц и я
термині бiр
организмнен екiншi организмге жасушаларды, тіндердi және мүшелердi
алмастыруды
білдіреді.
Көптеген
түрлi
трансплантациялардың
хирургиялық әдiстерi бiздiң дәуiрде жетiлдiрiлген. Ғалымдар мүшелер мен
тiндердi бiр индивидуумнан екiншi индивидуумға алмастыру сұрақтарына
хирургиялық технологиялар көмегімен жауаптарды тапқан.
1902 жылы Венециялық хирург Ullman көрсетуi бойынша, бiр
жануардан алып сондай ғана жануарға бүйрек алмастырып салғанда,
бүйректiң қызметi қалпына келген. Ал бүйректi әр түрге жататын
жануарлар арасында салған кезде, бүйректiң қызметi ұзақ уақытқа жетпей
(5-14 күн) тоқтатылып, мүшенiң тұрақтамауы белгiленген.
Жануарлар арасындағы тәжірибелiк трансплантациялау 1920-1930
жылдарында жалғастырылған, бiрақ әр-бiр талаптану әрекетi сәтсiз болып
өткен. Ауыстырып салған мүшелер мен тiндерде ауқымды лейкоциттер
шоғырлануы анықталған.
1940 жылдың басында чех ғалымы П.Медавар, бiрнеше байқауы
бойынша, ауыстырып салған тiндердiң тұрақтамауы иммундық жауап
себебiнен өтетiндiгiн байқаған. II дүние жүзілiк соғыс кезiнде, П.Медавар
күйген адамның денесiндегi терiсiн бiр жерден екiншi жерге салғанда,
терiнiң бiтiскенiн байқаған, ал сол адамға туыстарынан салынған терi
тұрақтамау үрдісіне ұшыраған. Реципиенттегi (тiн қабылдаушы пациент)
аға-бауырынан салынған терiсi iстен шыққан және сол донордың (тiн
берушi пациент) терiсiн екiншi рет салғанда, терi жамауы тез арада және
жоғары жылдамдықпен iстен шығуы дәлелденген. Осы бақылаулар
П.Медаварды жануарлармен тәжірибелерге және сол тәжірибелер арқылы,
келесi дәлелге алып келдi:
Достарыңызбен бөлісу: