Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Сүйек кемегiнiң трансплантациясы



Pdf көрінісі
бет199/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Сүйек кемегiнiң трансплантациясы 
Сүйек кемегiнiң трансплантациясы көптеген қатерлi және қатерсiз 
гематологиялық аурулар терапиясында қолданылады. Бiрiншi кезекте 
лейкемия, лимфома, апластикалық анемия, талассемия, сонымен қатар 
иммунды тапшылықты ауруларды емдеу кезiнде қолданылады. Сүйек 


208 
кемегі 1980-ші жылдардан бері салынған. 1990 жылдарында дүние жүзiнде 
сүйек кемегiнiң 4000-нан астам аллотрансплантациясы жасалған. 
Донордан алынған сүйек миы эритроцитарлы, миелоидты, моноцитарлы, 
мегакариоцитарлы және лимфоцитарлы массалардан тұрады. Қондырылу 
негiзiнен реципиентке 10
9
дәрежесi шамасындағы жасушалар реципиентке 
килограмм/салмағына тамыр арқылы енгiзiледi. 
Сүйек миының бiрiншi сәттi қондырылуы ұқсас егiздерде жасалған. 
Тiндiк HLA-антигендердi iрiктеу дамуы өз кезегiнде реципиенттерiне 
ұқсас аллогендi донорлардың табылуына мүмкiндiк бердi.
Алайда гемотрансфузияға сезiмталданған реципиенттермен жұмыс 
жасауға тура келдi. Бұл жерде қауiптi болып трансплантаттың жедел керi 
қайту серпiлiсi анықталды. Сондықтан да, донордың сәйкес антиген 
құрамын иммунологиялық таңдау, мiндеттi түрде, жеке дара сәйкестiлiкке 
кешендi сынамалар қоюмен аяқталады. 
Сүйек кемегiнiң қондырылуы үшiн донор мен реципиенттiң жасушалық 
сәйкестiгiн 
лимфоциттер 
және 
олардың 
аралас 
дақылдарын 
(ЛАД) 
бласттрансформация әдiсiмен анықтайды. Бұл тест DR, DP, DQ-локустар 
антигендерінің сәйкестiгiнiң көрсеткiшi болады.
ЛАД (MLC) нәтижесiн және HLA-DR-антиген бойынша сәйкестiк денгейiн 
салыстырғанда, HLA-DR-антигендер сәйкестәгi жоғарылаған сайын, MLC-
сәйкестiк жұптарының саны жоғарылайды. Сонымен қатар, екi HLA-DR-антигенi 
ұқсас жұптар аралас дақылда лимфоциттердi реттемейдi.
HLA-DR-антигендiк 
иммунологиялық 
мониторинг 
схемасында 
ЛАД 
нәтижесiн болжаулап, донор-реципиенттi таңдауға арналған зерттеу эффективтi 
жүргiзiледi.

Сүйек кемегiнiң қондырылуы кезiнде мiндеттi шара – реципиенттi иммунды 
супрессиялау болып табылады. Мысалы, лейкемия науқастарында циклоспоринА-
мен курс өткiзiп, тоталды сәулеленуге ауыстырады. Иммунды супрессияның 
нәтижесiнде реципиентте бөлiну серпілісі сирек байқалады, бiрақ реципиентке 
қарсы бағытталған иесiне қарсы серпiлiс (ТИҚС) дамуы мүмкiн, себебi донордың 
сүйек 
кемегi 
иммунхабарлы 
жасушалардан 
тұрады. 
Сүйек 
кемегiнiң 
трансплантациясы кезiнде бұл 50-70% кездеседi. ТИҚС донордың Т-
жасушаларымен реципиенттiң аллоантиген жасушаларын тануының нәтижесiнде 
дамиды. Ол жасушалардың активтенуi мен бөлiнуiн және цитокиндер өнделуiн 
шақырып, терiде, асқазан-iшек жолдарында және бауырда қабыну серпілісіне 
соқтырады. 
Егер осы 
жағдай 
орын 
алса, 
ТИҚС-ке 
терiнiң 
көлемдi 
эритродермиясы, гастроинтестиналды геморрагиясы және бауыр жетiспеушiлiгi 
қосарланады. 
ТИҚС керi қайту серпілісінің барлық фазаларын (афференттiк, эфференттiк) 
iске қосады. Афференттiк фазасында донордың сүйек кемегiнiң Т-хелперлерi 
реципиенттiң пептид-МНС-кешеңiмен ажыратылады. Костимулдаушы белгiлерi 
Т-хелперлердiң активтену мен бөлiнуiн және олардың ИЛ-2 өндiруiн шақырады. 
Т-хелперлермен бөлiнетiн цитокиндер, макрофагтар және цитотоксикалық Т-
лимфоциттер, NK-жасушалар әртүрлi екiншiлiк эфференттiк жасушалар болып 
активтену арқылы иммунитеттiң шеткерi мүшелерiнде ТИҚС-ң эффекторлы 
фазасын шақырады. ТИҚС эффекторлық фазасында реципиент жасушасында 
тiкелей цитотоксикалық әсер ететiн цитотоксикалық Т-лимфоциттермен түзiлген 
TNF-цитокиндер негiзгi қызметiн атқарады.
ТИҚС алдын алу үшiн, сүйек миы қондыру жасалған реципиенттi 
трансплантацияға дейiн және содан кейiн иммундық статусын мониторинг 
арқылы бақылай отырып, құрамына циклоспорин А және метотрексат кiретiн 
иммунды супрессивтiк препараттар берiледi. Сонымен қатар, трансплантациялау 


209 
алдында донордың сүйек миының Т-лимфоциттер пулынан тазарту Т-
лимфоциттерге қарсы моноклонды антиденелер және Т-лимфоциттеге қарсы 
сарысу көмегiмен қолданылады. Бiрақ донордың сүйек миынан Т-лимфоциттер 
толық және аз қолданылады. Сондықтан, Т-лимфоциттер пулынан жою бөлiктеп, 
өткiзiледi. Донордың Т-лимфоциттерi төмен деңгейде дамуы және активтенуi 
жақсы нәтиже бередi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет