экзоаллергендер және эндоаллергендер. Экзоаллергендер ағзаға сырттан түседi, эндоаллергендер
ағзаның өзiнде аутоиммундық аурулар, созылмалы вирустық жұқпаларда,
жарақаттарда, күйiк, үсiк және т.б. жағдайлардың нәтижесiнде түзiледi.
Эндоаллергендердiң көбiсi
кешендiк антигендер болып табылады. Кейде
«өзiнiң» нәруызын аутоаллергенге айналдыруға, тiптi нәруыздың
физиологиялық қызметiн өзгертпейтiн аз ғана әсердiң өзi жеткiлiктi.
Эндоаллерген рөлiн кешендiк антигендер атқаруы мүмкiн, олар ағзаға
түскен дәрi-дәрмек, өндiрiс және тұрмыстық химиялық өнiмдерi, тағам
бояғыштар, консерванттар және басқа гаптендердiң өзiндiк тiндердiң
меншiктi нәруыздарымен байланысу нәтижесiнде түзiледi.
Жұқпалы аутоаллергендерге ағзаға түскен микроб уыттары және
басқа
жұқпалы
өнiмдердiң
жасушалар
мен
тiндердiң
меншiктi
нәруыздарымен байланысуы нәтижесiнде түзiлген кешендер жатады.
Мұндай кешендiк аутоаллергендер мысалы: стрептококк компонентi
дәнекер тiн нәруызымен қосылуынан пайда болуы мүмкiн. Ағзаның
меншiктi жасушасының плазмалық мембранасында вирустық геном
бөлiгiнiң экспрессиялану нәтижесiнде түзiлген аутоаллергендердi де
жұқпалыларға жатқызады (вируспен әсерленген кешендiк антигендер).
Экзоаллергендер шығу тегi бойынша бөлiнедi:
жұқпалы емес аллергендер (тұрмыстық, эпидермистiк, тағамдық,
шаң-тозаңдық, дәрiлiк, өндiрiстiк және тұрмыстық химиялық қосылыстар);
жұқпалы
аллергендер
(бактериаялық,
саңырауқұлақтық,
вирустық).
Табиғаты бойынша әр түрлi аллергендердiң бiрдей антигендiк детерминантасы (эпитоптары) болуы мүмкiн. Осының есебiнен
науқастарда қиылысқан
сенсибилизация (сезiмталдықтың жоғарылауы) туындауы мүмкiн.
Ресей ғалымы А.Д. Адоның ұсынған аллергиялық серпілістің
жiктеуi ұзақ жылдар бойы қолданылған. Осы жiктеу бойынша
аллергиялық серпілістер екi үлкен топқа бөлiнедi: