бiрдей медиаторлар жиынтығын өндiредi. Мес
жасушалар мен базофилдердiң медиаторларын
3 топқа бөледi.
Бiрiншi топ -
цитоплазмалық түйiршiктерiнде жиналған медиаторлар. Дегрануляция кезiнде, жасушадан бiрiншi болып осы
медиаторлар шығарылады.
Гранула құрамында
вазобелсендi аминдер де табылады (адамда,
бiрiншi орында,
гистамин және брадикинин, аз мөлшерде – серотонин
(зертханалық егеуқұйрықтарда серотонин көп мөлшерде) болады.
Сонымен бiрге, түйiршiктерде
гепарин, ферменттер (сериндi протеазалар, карбоксипептидаза, катепсин G) және
TNF- цитокинi бар.
Аталған медиаторлар атопиялық серпiлiстiң ең басты, жедел фазасын тудырады, ол
экссудациялық қабынудың негiзгi белгiлерiмен
сипатталады,
яғни
вазобелсендi
аминдер
тамыр өткiзгiштiгiн жоғарылатады ,
олардың
кеңеюiн тудырып, тегiс салалы бұлшықеттердiң жиырылуын арттырады. Бұл құбылыстарды күштi
қабыну медиаторы
TNF- күшейтедi. TNF-
нейтрофилдердiң, тағы басқа
лейкоциттердiң эндотелий қабатынан өту қабiлетiн жоғарылатып,
қабынуды тұрақтандыруына көмектеседi.
Гистамин, жүйке ұштарына әсер етiп,
қышынуды тудырады.
Бөлiнген ферменттер дәнекер тiндерінің нәруыздарын ыдыратады.