217
Әсерленген мес жасушалары мен базофилдер
лейкотриендер,
простагландиндер және тромбоциттердi белсендендiретiн фактор
түзiп шығарады.
Медиатордың бұл тобы
атопиялық серпiлiстiң кеш
кезеңiн
туындатады.
С4, D4, Е4 лейкотриендер
тегiс салалы бұлшықеттердiң ұзақ
жиырылуын тудырады, қан тамырдың өткiзгiштiгiн жоғарылатады,
шырыштың бөлінуін белсендіреді.
D2 және Е2 простагландиндерi
бронхоспазм, шырыштың бөлiнуін
арттырады, тромбоциттердiң агрегациясын және қан тамырдың кеңеюіне
әкеледі.
Тромбоциттердi белсендiретiн фактор
да осындай аймақты әсер
етедi,
липидтiк
медиаторлар
өндiрiлуiн,
мес
жасушалары
мен
эозинофилдердi
белсендiредi,
эозинофилдер
мен
тромбоциттерге
хемоаттрактанттар болып табылады.
Үшiншi топ медиаторлары - бұл цитокиндер
(ИЛ-3, ИЛ-4, ИЛ-5,
ИЛ-13, ГМ-КСФ және тағы басқалары).
ИЛ-3, ИЛ-5 және ГМ-КСФ
эозинофилдердiң дифференциялануын
арттырады және белсендiленуiн тудырады.
ИЛ-4 және ИЛ-13
Тх2-нiң қосымша өндірілуін белсендіреді, мес
жасушаларының көбеюi мен белсендiлiгi артуын туындатады. Осы арқылы
бұл цитокиндер тобы аллергиялық серпiлiстертің әрі қарай өршуiне әсер
етедi.
Сондықтан,
мес жасушалары мен базофилдердiң дегрануляциясы,
атопиялық аллергияның негiзгi көрiнiстерiн анықтайды.
Ескеретiн жай, бұл жасушалардың дегрануляциясы Fc-рецептормен
байланысқанда кем дегенде IgE-ң екi молекуласы аллергенмен қосылысқан
жағдайда болады. Осыдан кейiн түйiршiктердiң қабыну медиаторларының
бөлiнуiне әкелетiн бiрнеше энергия тәуелдi өзгерiстерi болады. Олардың
iшiнде: жасуша мембранасымен байланысқан серинэстеразаның белсенуi;
жасуша iшiнде кальций иондарының ағыны, жасушаiшiлiк циклдi АМФ-
тiң
деңгейiнiң
төмендеуi,
микроталшықтардың
жиырылуы
және
микротүтiкшелердiң қызметтерi артуы болады. Осы құбылыстардың даму
жолына қарай, медиаторы бар түйiршiк алдымен жасуша сыртындағы
ортамен
«цистерна» арқылы байланысады, ақырында жасушадан
ығыстырылып шығарылады. Мес жасушалары мен базофилдердiң
дегрануляциясы бiрнеше секунд аралығында болады. Бұл кезде жасуша
өзiнiң тiршiлiк қабiлетiн сақтап қалады.
Достарыңызбен бөлісу: