Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет224/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

оң Манту серпiлiсi, 
моноядролық жасушалар – (Т-
лимфоциттер 
және 
макрофагтармен) 
шоғырланған 
түрдегi 
пролиферациялық қабынудың
мысалы
болып табылады.
Гранулема, туберкулома және сифиломалардың түзiлуi
жоғары 
сезiмталдықтың 4 түрiнiң мысалы бола алады. 
Бұл серпiлiстерге тағы: 

қызылша кезiндегi
және басқа жұқпалы аурулар кездерiндегi 
бөртпелер;

аллергиялық аурулар,
жұқпалы аллергиялық бронх демiкпесi, 
жанасулық дерматиттер, 24 сағат немесе одан да көп уақыттан соң 
дамитын дәрiлiк аллергия кезiндегi бөртпелер; 

аутоиммундық аурулар,
өз тiндерi мен жасушаларына қарсы 
ағзаның 
жасушалық 
иммундық 
жауабының
пайда 
болуымен 
сипатталады (жұқпалы-аллергиялық полиартрит, бауыр циррозына тез 
ауысатын токсиндік гепатит, созылмалы блсенді вирустық гепатит). 
Мысал ретiнде жанасулық дерматиттiң, туберкулиндiк сынаманың, 
гранулематоздық серпілістің патогенезiн мұқият қарауға болады. 
Жанасулық дерматиттер
– аллерген әсер еткен жердегi 
экзематозды серпiлiсiмен сипатталады. Ол көбiне никель, хром 
қосындыларымен, органикалық ерiткiштермен, бояғыштармен, жуғыш 
заттармен, әсемдiк бұйымдармен және тағы басқа заттармен жанасу 
кезiнде пайда болады. Осы химиялық қосындылар (көбiне майда еритiн) 
эпидермистiң терең қабатына өтiп, оның нәруыздарымен байланысып, 
кешендi антигендерді түзедi. Бұл антигендер Лангерганс жасушаларымен 
(ол терiнiң антигенді таныстырушы негiзгi жасушасы болып табылады) 
жұтылып, өңделедi. Содан кейiн, бұл жасушалар эпидермистен шығып 
афферентiк лимфа тамырлары арқылы аймақтық лимфа түйiндерiне 
барады. Бұл жерде МНС-II класс молекуласымен iлiктескен гаптен-
нәруыздық қосындылар процессинге ұшырап, Тх0-ге таныстырылады, бұл 
жасушалардан жетiлген Тх1 жасушалары түзiледi. Бұл жасушалар терiге 
қарай жылжиды, ал аллергенмен қайта кездескен соң белсенiп, жергiлiктi 
қабыну үрдісін шақыратын цитокиндердi бөле бастайды. ИЛ-8 әсерiнен 
ошаққа жаңа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет